- Басты
- Жаңалықтар
- Ю.Якушева: Қазақстан өңірлік көшбасшы ретінде белсенді ұстанымға ие
Ю.Якушева: Қазақстан өңірлік көшбасшы ретінде белсенді ұстанымға ие
- Соңғы жылдары ТМД-да көпжақты интеграция саласында жетістіктер байқалуда. Бұл алғашқы кезекте Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы. Сіздің пікіріңізше, мемлекетаралық құрылым қалай бағаланды? Бұл ретте ҚР Президентінің рөлі қандай?
- ТМД кеңістігіндегі интеграциялық үрдістер нақты және орынды болды. Бірақ, кейбір посткеңестік көшбасшылар үшін қазір ақиқат болып жатқан дүние Қазақстан Президенті үшін 1990 жылдары белгілі болды. Нұрсұлтан Назарбаев МГУ-да студенттер алдындағы дәрісінде, яғни 1994 жылы бұрыңғы совет елдерінің экономикаын ажыратпауды ұсынған болатын. Бұл идея сол кезде көшбасшылардың қолдауын таппады. Қорытындысында жаңа тәуелсіз елдер ұлттық экономиканы қалыптастыруда күрделі кезеңдерден өтті. Барлық ел қызметке қабілетті экономика құрды деп айту да қиын. Нұрсұлтан Назарбаевтың интеграция саласындағы бастамаларын уақытында жүзеге асыру транзиттік периодты кешуге ықпал етер еді.
Бірден болмаса да қазақстандық көшбасшының идеясы Еуразиялық экономикалық одақ форматында жүзеге асты. Бұл орайда В.Путиннің де үлес бар, себебі ол еуразиялық интеграцияның әлеуетін байқады. Сол кезде Астанада ЕуразЭҚ құрылуы туралы шешім қабылданды. Еуразиялық интеграцияның одан әрі дамуы әрдеңгейлі және әржылдамдықты интеграция дәстүрімен дамыды.
- Қазақстан мен Ресей екі елдің экономикасының бәсеңдеуіне байланысты Кедендік одақ аясындағы келісімдерді қайта қарай ала ма?
- Еуразиялық экономикалық одақтың жылдан аз ғұмыры бар, ол экономикаға қолайсыз кезеңде жүзеге асып жатыр десек те болады. Бұл көпжақты экономикалық ынтымақтастыққа әсер етпей қоймайды. ЕАЭО мен Қазақстан арасындағы тауар айналым 2015 жылдың 9 айында 25 пайызға қысқарған. Бұл жалпы экономикалық жағдайдың көрінісі болып табылады.
- Әлемдік экономиканың даму деңгейінің ауытқуында көптеген елдер ірі шараларды өткізуден бас тартады. EXPO-2017 көрмесін олардың тізіміне жатқызуға бола ма?
- Инфрақұрылымдық, құрылыс жобаларындағы қолайсыз жағдайлар кезеңіндегі ірі жобалар кейінге шегеріліп жатыр. Алайда, EXPO-2017 көрмесі бұл орайда теңдессіз болып қалмақ. Аталмыш жоба Қазақстан үшін өзіне жауапкершілікті алудың көрсеткіші. ЭКСПО-дан бас тарту Қазақстанды имиджік түрде қалыптастырудан шегеріп тастайтын еді. Жақында Елбасының жасаған «еуропалық турнесі» де осы мақсатты көздеген болатын.
- Бүгін біз ТМД кеңістігіндегі бірқатар қысымды, қолайсыздықты байқап отырмыз. Көптеген сарапшылар, Қазақстан ұлтаралық қақтығыс пен экономикалық терең дағдарыстан құтыла алады. Себебі, Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының нәтижесінде жүзеге асады. Бұл пікірмен келісесіз бе?
- Посткеңестік елдердің жаңаша тарихында этникаралық тұрғыда болған қақтығыстар жетерлік. Қазақстанның көпэтникалық құрмаы бастапқыда ұлтаралық және конфессияаралық көтерілістердің алдында шақ қалды. Сондықтан Қазақстанда жүргізілген саясаттың барлығы бірліктің сақталуына бағытталды.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың үлесі этникаралық келісімді қалыптастыруда өте орасан. Қазақстанды көшбасшы тіл және бірлік саясатының басында тұрып, ынтымақтастықты ту еткені ешкімге құпия емес.
Қазақстандық лидердің ұстанатын қағидасы: көпұлтты құрам – байлық, Қазақстанның стратегиялық ресурсы.
- Сұхбатыңызға рақмет.
Данияр Қасымов
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты