- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҚК тәрбие құрылымдарының әскери қызметшілері АҚШ-тағы әріптестерінің тәжірибесімен танысты
ҚР ҚК тәрбие құрылымдарының әскери қызметшілері АҚШ-тағы әріптестерінің тәжірибесімен танысты
ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары – ҚР ҚК БШ Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы генерал-майор Мұхамеджан Таласовтың басшылық етуімен делегация әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне қолдау көрсету орталықтарының қызметімен танысты, әскери қызметшілер арасындағы өзіне-өзі қол жұмсау көріністерін алдын алудың ұйымдастырылуы мен АҚШ ҚК-дегі капелландар корпусының тыныс-тіршілігін зерделеді.
Қазақстандық армияда тәрбие жұмысын жетілдіру шеңберінде ҚР ҚК тәрбие құрылымдарының өкілдері әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне қолдау көрсету орталықтарының қызметін атап өтті. АҚШ-тың ҚК-де мұндай орталықтар әрбір әскери гарнизонда құрылған. Орталықтар әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне қолдау көрсету жөнінде әлеуметтік бағдарламаларды әзірлеп, іске асырады, гарнизон аумағында бос уақытты өткізуді, әскери қызметшілердің жұбайларын жұмысқа орналастыруды ұйымдастырады, төмендетілген бағамен әртүрлі тұрмыстық қызметтер ұсынады, отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастарды зерделейді, моральдық-психологиялық, консультативтік және қаржылай көмек көрсетеді.
Өзіне-өзі қол жұмсау көріністерін алдын алу жөніндегі АҚШ-тың ҚК қызметінде ҚР ҚК-нің делегациясы «жауынгерлік жұп» жүйесін атап өтті. Қатардағы жауынгер және кіші сержанттар құрамының барлық санаттағы әскери қызметшілері жұпқа бөлінген және әрқайсысы өзінің серіктесінің моральдық-психологиялық жай-күйін бақылап отырады. «Жауынгерлік қаруластар» атты мұндай ұқсас жүйе Қазақстанның Құрлық әскерлерінде іс жүзінде қолданылып жүр. АҚШ армиясында өзіне-өзі қол жұмсау проблемаларын шешу және әскери қызметшілерге идеологиялық тәрбие беруге әскери капелландар корпусы да үлес қосуда. Бұл теологиялық, яғни, діни білімі бар офицерлер. Олар діни ілім және патриоттық тәрбие беру, отбасылық құндылықтарды бағалау, суицидті алдын алумен айналысады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Жаһандану және жастар тәрбиесі -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Тарихи роман - жастарды елдік рухта тәрбиелеу құралы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі