• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап бірқатар интеграциялық жобаларға бастамашылық етті – сарапшы

Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап бірқатар интеграциялық жобаларға бастамашылық етті – сарапшы

6 Қаңтар, 2016 12:42
Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап бірқатар интеграциялық жобаларға бастамашылық етті. АӨСШК маңызды жобалардың бірі, себебі Азия өңірі 1992 жылға дейін осы сынды әдісте бірікпеген болатын, деді Орталық-Азия өңіріндегі этникаралық және конфессияаралық қарым-қатынасты зерттеу орталығының жетекшісі Айгүл Сәдуақасова Strategy2050.kz АА берген сұхбатында.

«Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңес – интеграцияланған ұйым, ол 1992 жылы ҚР Президентінің бастамасымен құрылған болатын. Оның басты міндеті Азиялық өңірдің қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында біріктіру болып отыр. Қазақстан тәуелсіз ел ретінде, егемендіктің алғашқы күнінен бастап интеграцияланған жобаларға бастамашылық етті. АӨСШК маңызды жобалардың бірі, себебі Азия өңірі 1992 жылға дейін осы сынды әдісте бірікпеген болатын», - деді Ә.Сәдуақасова.

Сарапшының айтуынша, Азия өңірінде геостратегиялық үрдістер мен аталмыш өңірдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету елдері анықталды.

«Алматы декларациясының басынан бері мемлекет басшылары кездесіп, маңызды шешімдерді дәстүрлі түрде бірге қабылдайды. Бұл орайда АӨСШК нақты ұсыныстар мен пікірлер қабылданатын басты алаң қызметін атқарып отыр», - деді орталық жетекшісі.

Анар Тәңірқулова

Барлық жаңалықтар