2015 жылы «ҚазАгро» Холдингі АӨК-ні 216,8 млрд теңгеге қаржыландырды

6 Қаңтар, 2016 12:18
2015 жылы «ҚазАгро» Ходингі АӨК-ні 216,8 млрд теңге көлемінде қаржыландырды. Ол 2014 жылмен салыстырғанда 1,3 есеге көп.

Жалпы сомадан АӨК субъектілерін қаржыландыруға 178,9 млрд теңге бағытталды, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 19 пайызға жоғары.

Сондай-ақ, АӨК субъектілерін қаржылай сауықтандыру   бағдарламасы бойынша холдинг есебінен 83,3 млрд теңгенің 129 субъектісінің өтініші мақұлданды.

Жалпы, 2013-2015 жылдарға арналған қаржылай сауықтандыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында холдинг қаржылай сауықтандыру комиссиясының шешіміне сәйкес 275 млрд теңгенің 9 қаржы институтын қорландыру таныстырылды.

Барлық жаңалықтар