- Басты
- Жаңалықтар
- Ұлттық кітапханада ҚР тәуелсіздігінің тарихы туралы көрме өтті
Ұлттық кітапханада ҚР тәуелсіздігінің тарихы туралы көрме өтті
«Көрменің басты мақсаттары мен міндеттері: тарих контекстіндегі қазақ мемлекеттілігінің көпғасырлық қалыптасу тарихын көрсету; Тәуелсіз Қазақстанның саяси-экономикалық, әлеуметтік дамуы, бес институционалды реформаны жүзеге асыру жөніндегі Ұлт жоспары - 100 қадам, 2015 жылдың 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы туралы баяндау. Сонымен қатар, аталмыш іс-шара өскелең ұрпақтың адамгершілік тәрбиесіне ықпал ету мен «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы аясында жастар арасында патриоттық сезімді қалыптастыруды мақсат етеді», - деп хабарлады Ұлттық академиялық кітапхана.
Көрме ҚР ҰАК-ның ақпараттық-кітапханалық ресурстарын дәріптеуге, Тәуелсіздік жылдарында баспаға шыққан әдебиет туындыларын насихаттауға бағытталған. Экспозиция ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының кітаптар мен электронды қорынан жинақталған 4 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім - «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 25 жыл», онда Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы мен Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан мемлекеттілігінің дамуы жайлы баяндалады.
Екінші бөлім «Ұлы дала елі – Мәңгілік ел», Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының жүзеге асуына арналған, сонымен қатар бұнда Бүкілқазақстандық бірліктің бірегей моделі «Қазақстан халқы Ассамблеясының» қызметін баяндайтын әдебиеттер ұсынылады.
«Елбасы жолы – елдіктің жолы» атты үшінші бөлімде Тәуелсіз Қазақстанның тарихымен тығыз байланысты алғашқы Елбасының қызметі туралы баяндайтын кітаптар қойылады. «Ехро-2017» – Астана мерейі» атты төртінші бөлімде Қазақстанның елордасы – Астананың тарихы мен өмірі жайлы кітаптар және «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі туралы мәліметтер ұсынылады.
Эскпозиция көлемі жағынан тұрақты, тақырыптық, стационарлы және ол ҚР Ұлттық академиялық кітапханасындағы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мәдени-ағартушылық іс-шаралардың басы болып табылады.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды