• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап күш құрылымы қызметкерлерін зейнетақымен қамту мемлекеттің жауапкершілігіне тапсырылды

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап күш құрылымы қызметкерлерін зейнетақымен қамту мемлекеттің жауапкершілігіне тапсырылды

6 Қаңтар, 2016 10:06
2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап күш құрылымы қызметкерлерін зейнетақымен қамту мемлекеттің жауапкершілігіне тапсырылды, деп хабарлады Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.

Бүгінгі таңда қарулы құрылым қызметкерлерін зейнетақымен қамту саласында  зейнетақы мөлшері мен бірдей жағдайда еңбек етіп, әр түрлі жылда зейнетке шығу мәселесі  басты мәселе болып отыр.

Олардың зейнетақы көлемі қызметтен кеткен уақыттан бастап, еңбек өтілі мен ақша құнына байланысты болады.

2016 жылдан бастап мемлекеттік бюджет қарулы күш қызметкерлеріне міндетті 20 пайыз міндетті зейнетақы төлемін өтеуді  алып тастайды.

ҚР ҚМ Зейнетақымен қамсыздандыру орталығының мәліметтері бойынша 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін бюджеттік қаражат есебінен аударылған міндетті түрдегі зейнетақы жарналардың сомасынан 50 пайызды қолданыстағы әскери қызметшілер  мен 1998 жылғы 1 қаңтардан кейін қызметке алғаш рет кірген және зейнетақы алуға құқығы бар 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін босатылған әскери қызметшілер қайтарады.  

Зейнетақы жинақталымдарын қайта есептеу мен қайтаруды жүзеге асыру үшін Қорғаныс министрлігі мен ҚР ҚК Бас штабының құрылымдық бөлімшелерінде қайтарылуға жататын жарналар сомасын айқындау бойынша арнайы комиссия құру жоспарлануда.

Зейнетақы жинақталымдарын қайта есептеу және қайтару ҚР Үкіметінің  2015 жылғы 24 қарашадағы №940 және 2015 жылғы 8 желтоқсандағы №974 қаулыларына сәйкес жүргізіледі. Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін толық мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыруға көшіру 2030 жылға дейін ҚР зейнетақы жүйесін әрі қарай жаңғырту тұжырымдамасы шеңберінде көзделгенін айта кетейік. 
 

Барлық жаңалықтар