- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның Қарулы Күштерінде жаңа оқу жылы басталды
Қазақстанның Қарулы Күштерінде жаңа оқу жылы басталды
Биылғы жылы қазақстандық армияның негізгі күш-жігері жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру кезінде жеке құрамның машығын, іс-қимылдарын жетілдіруге, елді мекендер мен таулы жерде ұрысты жүргізу үшін бөлімшелердің әзірлігін арттыру, басқару жүйесін жетілдіру және әскери қызметшілердің дене даярлығын шыңдауға бағытталады.
Сонымен қатар әрі қарай жауынгерлік даярлықты ұйымдастыру, әскерлерді басқару және әскерлерді материалдық-техникалық қамтамасыз етудің тиімді жүйесін құру жақсаратын болады. Осы жылы жауынгерлік даярлықты жетілдіру шеңберінде қазақстандық әскери қызметшілердің қатысуымен бірқатар халықаралық оқу-жаттығулар мен сайыстарды өткізу жоспарлануда. Құрлық әскерлерінде негізгі күш-жігер қазіргі заманғы қақтығыстар мен қарулы шиеленістердің сипатына сәйкес әскери бөлімдер мен құрамалардың жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін одан әрі арттыруға, жеке құраммен жұмыс жасау сапасын арттыруға, әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті нығайтуға шоғырландырылады.
Әуе қорғанысы күштерінде жаңа оқу жылына қойылған тапсырмалар жауынгерлік әзірлік пен жауынгерлік қабілеттіліктің жоғары деңгейін ұстап тұру, барлық санаттағы әскери қызметшілердің кәсіби және жеке даярлығын арттыру, қарапайым және күрделі метеожағдайларда (күндіз және түнде) ұшу құрамының пилотаждау шеберлігін жетілдіру, әуе ұрысын жүргізу, әуе және жерүсті нысаналар бойынша жауынгерлік қолдану, сондай-ақ әуе шабуылына қарсы қорғаныстың жалпы жүйесінде кезекші күштер мен құралдардың жауынгерлік әзірлігін арттыру мақсатында жауынгерлік кезекшілік жүйесін жетілдіру болып табылады. Әскери-теңіз күштерінің 2016 жылғы тапсырмалары ҚР ҚК ӘТК бас қолбасшысының басқармасында жауынгерлік кезекшіліктің сапалы түрде атқарылуын ұйымдастыру, ҚР ҚК ӘТК корабльдерінің 2016 жылғы Армия ойындарына қатысуы жөнінде әскери басқарудың жоғары тұрған органдарымен өзара іс-қимылды ұйымдастыру, Әскери-теңіз күштерінің құрылуы мен дамуында тәжірибе алмасу үшін Каспий маңындағы мемлекеттердің ӘТК-мен әскери-техникалық ынтымақтастық аясындағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер