- Басты
- Жаңалықтар
- 2016 жылы Астанада 2 кәсіптік-техникалық мектептің құрылысы аяқталады
2016 жылы Астанада 2 кәсіптік-техникалық мектептің құрылысы аяқталады
5 Қаңтар, 2016 18:54
Астанада әлеуметтік маңызды нысандар құрылысы жалғасады. 2016 жылы 600 орындық жалпы білім беру мектебінің, 800 орындық екі кәсіптік техникалық мектептің, 375 орындық коррекциялық мектеп-интернаттың және әрқайсысы 525 орындық мектепке жапсарлас ғимараттың құрылысы аяқталады, деп хабарлады қалалық әкімдіктің ресми сайты.
Бұдан басқа, биыл №16, 32, 37 мектептерге әрқайсысы 525 орындық жапсарлас ғимарат салынады.
Сонымен қатар, балабақшалар құрылысы жалғасады: Көктал-2 ауданында балалар тәулік бойы болатын 240 орындық мамандандырылған санаториялық мектепке дейінгі мекеме, № 8 «Рябинка» балабақшасына жапсарлас салынған 60 орындық ғимарат.
Денсаулық сақтау нысандарының ішінде келер жылы Железнодорожный тұрғын алабының солтүстік-шығысында орналасқан 500 кереует-орындық туберкулезге қарсы диспансердің құрылысы аяқталмақ. Сондай-ақ, сот-психиатрия сараптамасы бөлімінің құрылысы аяқталып, жедел медициналық жәрдем станциясын (тәулігіне 274 шақыру) салу жұмыстары жалғасады.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері -
Қызылорда облысының дамуы: Тұрғын үй құрылысы, азық-түлік қауіпсіздігі және білім саласы -
Түркістан облысының дамуы: Инвестиция, зауыттардың құрылысы, туризм және жол мәселесі -
Абай жылының айшықты тұстары -
2021 жылы жол-көлік оқиғаларының көбеюіне не себеп болды -
Түркістан облысы: Тұрғын үй құрылысы 2,5 есеге өсіп, жаңа рухани-мәдени нысандар бой көтеруде -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
2021 жылы қазақстандықтар үшін қандай тұрғын үй бағдарламалары қолжетімді -
2021 жыл - «Балалардың кітап оқуын қолдау» жылы: атқарылатын жұмыстар -
2021 жылы қандай маңызды спорттық ойындар өтеді