ШҚО әкімі 2016 жылы өңірді дамыту бойынша бірқатар тапсырма берді

5 Қаңтар, 2016 18:21
Жиналыс барысында облыс әкімінің орынбасарларына жетекшілік ететін бағыттары бойынша тапсырмалар берілді, деп хабарлады облыс әкімдігі.

 Даниал Кенжетайұлы ауылшаруашылығы, тұрғын үй және әлеуметтік нысандар құрылысына, автокөлік жолдарын жөндеу, орман шаруашылығы мен балық шаруашылығын дамыту мәселелеріне басты назар аударды.  

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағановқа 2016 жылғы мемлекеттік сатып алудың жоспарын әзірлеу тапсырылды. Аймақ басшысы жоспарды әзірлеу кезінде биылғы орташа жол жөндеу жұмыстарының басталу мен аяқталу мерзімін ескеруді тапсырды. Оған Өскемен-Семей жолының орташа жөндеу жұмыстары, Осин өткелінен Көгілдір бұғазға дейінгі жолдарды асфальтпен қаптау, Аягөз қаласынан Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылына дейінгі, облыс орталығынан Сибин көлдеріне дейін, Шемонаиха қаласынан Ресей Федерациясы шекарасына дейінгі жол жөндеу жұмыстары жатады.

Облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариковке жол жөндеу жұмыстарының жоспарын дайындаумен қатар, әлеуметтік-мәдени нысандарды және тұрғын үйлерді қолданысқа енгізудің кестесін дайындау қажеттілігі ескертілді.  Бұл ретте ең алдымен «ұзақ мерзімді» құрылыс нысандарын аяқтау керектігі айтылды. Сонымен қатар инфрақұрылым нысандарының құрылыс жоспары жасалу қажет.

Аймақ басшысы әкім орынбасары Дүйсенғазы Мусинге тұрғындардан сүт сатып алу жұмысын одан әрі жалғастыру, Үржар ауданында құс фабрикасы құрылысы нысанын аяқтау, балық шаруашылығын дамытудың жоспарын әзірлеу тапсырылды.

Облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омарға ҚХР СУАР аймағының жоғары оқу орындарымен студенттер алмасу бағдарламасын іске асыру бойынша ұсыныс енгізу және Қытайдан туристерді тарту жұмыстары тапсырылды.

 

Барлық жаңалықтар