- Басты
- Жаңалықтар
- БҚО-да 11 ай ішінде 201,9 мың шаршы метр тұрғын үй енгізілді
БҚО-да 11 ай ішінде 201,9 мың шаршы метр тұрғын үй енгізілді
«2015 жылы тұрғын үй құрылысы мен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды қаржыландыруға 4,5 млрд теңге бөлінді, соның ішінде республикалық бюджеттен – 1,1 млрд теңге, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан – 3,4 млрд теңге.Бұл қаражатқа 2015 жылы 7 көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілді», - деді Н.Ноғаев.
Оның айтуынша, жыл қорытындысы бойынша 30 мың шаршы метрден аса ауданы құрайтын 4 көп пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы аяқталды (486 пәтер).
««Нұрлы Жол» бағдарламасы шеңберінде мақсатты трансферт есебінен Ұлттық қордан республикалық маңызға ие «Орал-Тасқала –РФ шекарасы (Озинки)» көлік жолының құрылысы жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда жөндеу жұмыстары басталып, 11 км құрылысы аяқталды», - деді ол.
Сонымен бірге, 2015 жылы облыстың көлік жолдарының күрделі және орташа жөндеу жұмыстарына 6,6 млрд теңге қаражат бөлінді.
«Шыңғырлау ауданы орталығында 17 км көлік жолы күрделі жөндеуден өтті. Жаңақала ауданы бағытындағы көлік жолдарының жөндеу жұмыстары жалғасуда, оны 2016 жылы аяқтау жоспарланып отыр (жалпы қашықтығы 37 км). «Чапаево-Жаңақала-Сайқын», «Жымпиты-Қаратөбе», «Ақсай-Шыңғырлау», «Аңқаты-Сарыөмір», «Орал-Кирсаново», Сырым ауданы Бұлдырты ауылының кіре беріс жолдарына жөндеу жүргізілді», - деді ол.
Жалпы облыстық және аудандық көлік жолдарының 116 км жөндеуден өтті.
Анар Тәңірқұлова
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады