• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2015 жылдың желтоқсанында күнкөрістің ең төменгі деңгейі 19 816 теңгені құрады

2015 жылдың желтоқсанында күнкөрістің ең төменгі деңгейі 19 816 теңгені құрады

5 Қаңтар, 2016 17:43
2015 жылғы желтоқсанда күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 19 816 теңгені құрады, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті.

Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2015 жылғы желтоқсанда өткен аймен салыстырғанда 1,6%, 2014 жылғы желтоқсанмен – 5,6%-ға жоғарылады.

Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 21,5%, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқаны – 17,7%, жемістер мен көкөністерді – 9,8%, нан және жарма өнімдерін – 8,5%, қант, шай және дәмдеуіштерді – 2,5%-ды құрады.

 

Барлық жаңалықтар