- Басты
- Жаңалықтар
- Елордада 250-ден астам медицина қызметкері ЭКСПО-2017 қарсаңында ағылшын тілін меңгеруде
Елордада 250-ден астам медицина қызметкері ЭКСПО-2017 қарсаңында ағылшын тілін меңгеруде
Өткен жылы Астана қаласының әкімдігі «Астана «EXPO-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ бірлесіп ЭКСПО-2017 қонақтары мен қатысушыларына медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірледі.
ЭКСПО басшылығы көрме аумағында бастапқы медициналық көмек көрсететін жеті пункт пен бір дәрігерлік амбулатория пунктін ашады, соның ішінде ауданы 20 м² құрайтын 4 медпункт, ауданы 30 м² құрайтын 3 медпункт, ауданы 78 шаршы метрлік 1 амбулатория. Әрбір медициналық пунктте көрменің жұмыс істеу уақытына байланысты үш ауысыммен бір дәрігер мен бір мейірбике жұмыс істейді.
ЭКСПО кезінде қалалық бастапқы медициналық-санитарлық ұйымдар қонақтар қоныстанған жерлерде тәулік бойы жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінің посттарын ұйымдастырады. Жедел стационарлық медициналық көмекті қажет ететін жағдайлар орын алса, пациенттер аурудың профиліне байланысты көп профильді стационарларға жеткізіледі. Осы мақсатта халықаралық көрме өтетін кезеңде әрбір ауруханада қосымша 30–50 кереует-орын дайындалады. Сонымен қатар, адамдардың ауруханаға жаппай түсуі жағдайы үшін қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында қосымша бокстар жасалады.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді