- Басты
- Жаңалықтар
- 100 мыңға жуық қазақстандықты шақыру учаскелеріне тіркейді (ФОТО)
100 мыңға жуық қазақстандықты шақыру учаскелеріне тіркейді (ФОТО)
Тіркеу жергілікті атқару органдарымен қорғаныс істері жөніндегі басқармалар арқылы жүзеге асырылады. Олардың шешімі бойынша азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу үшін медициналық комиссия құрылады.
ҚР ҚК Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінде түсіндіргендей, тіркеуге алу азаматтарды әскери есепке қою, олардың санын, білім деңгейі мен дене даярлығын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін анықтау үшін ұйымдастырылып, өткізіледі. Медициналық куәландырудан өту барысында денсаулық жағдайы бойынша шамалы шектеулер анықталған бозбалаларға тиісті емдеу мекемелеріне жолдамалар беріледі.
Ол жерде жеткіншектер денсаулықтарын қалпына келтіре алады. Сонымен қатар тіркеуге алу үрдісінде Қазақстан мен шетел мемлекеттері Қорғаныс министрлігінің жоғары оқу орындарына оқуға түсу жөнінде үгіт-насихат жұмысы жүргізіледі. Бозбалаларға әскери жоғары оқу орындарын, Кадет корпусын тәмамдағаннан кейінгі кемелді келешек туралы айтып береді. Әскери оқу орындарында оқуға ниет білдіргендер мен жарамдылар анықталады.
Сонымен бірге тіркеуге алу патриоттық тәрбие беру сипатына ие. Бозбалаларға әскери кәсіп пен әскери қызметшілердің арналуы, Қазақстанның қазіргі заманғы Қарулы Күштерінің жетістіктері мен дамуы, әскери қызметшілеріміздің халықаралық ірі ауқымды оқу-жаттығулар мен бітімгершілік операцияларға қатысуы мен сәттіліктері туралы айтып береді.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Күзгі әскерге шақыру науқаны қалай ұйымдастырылады -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді -
COVID-19: Вакцина вирустан 100% қорғай ма -
2025 жылға дейін еңбек нарығына қосымша 1 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскер қажет болмақ -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
Миллионға жуық қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина салдырды