- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Ноғаев: БҚО-да апатты және үш ауысымды мектептердің мәселесі шешілді
Н.Ноғаев: БҚО-да апатты және үш ауысымды мектептердің мәселесі шешілді
«2013-2015 жылы 9 мектеп, соның ішінде 4 мектеп апаттық жағдайдағы мектептердің орнына салынды.Елбасы тапсырмасына орай мектептердегі үш кезеңді ауысым жойылды. Апаттық мектептерді жою мақсатында жергілікті қаражат есебінен 3 мектептің құрылысы аяқталды (Сарыкөл ауылындағы Х.Нұрымғалиев атындағы жалпы білім беретін мектеп (108 орынға), Жаңақала ауданы Жуалыой ауылындағы Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп(108 орынға), Теректі ауданындағы Юбилейное ауылындағы жалпы білім беретін мектеп (108 орынға)», - деді Н.Ноғаев.
Оның айтуынша, білім және ғылымның мемлекеттік Бағдарламасын жүзеге асыру барысында мектепке дейінгі білім беру көрсеткіштерінің сапасы 3-6 жас аралығындағы балалардың мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін 97,9% (2014 жылы – 97,5%), республикалық көрсеткіш бойынша 81,6% құрауынан көрініс табады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің оң нәтижесіне орай, баланың бірінші сыныпқа дайындығының артуына және жалпы білім беру мектептеріндегі бастапқы буынға бейімделуінің сәтті өтуіне мүмкіндік туып отыр. 2015 жылы шетел инвесторлары қаражатымен және жеке инвестициялар көмегімен 2 балабақша салынды (Жәнібек ауданы Жәнібек ауылында 290 орын және Орал қаласы Зашаған ауылында 200 орын).
««Нұрлы Жол» бағдарламасы шеңберінде Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылында 290 орынға арналған балабақша құрылысы жалғасып, одан өзге Бөрлі ауданы Бөрлі ауылында шетел инвестициясы есебінен 140 орынға арналған сәбилер балабақшасы салынуда.Сонымен қатар Орал қаласы Зашаған ауылында 1200 орынды мектеп құрылысы, Жаңақала ауданы Жаңақала ауылында 600 орынды мектеп, 100 орында мектеп жанындағы интернатының құрылысы аяқталды», - деді ол.
Анар Тәңірқұлова
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай