- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҚК-нің әскери қызметшілері балалар үйінің тәрбиеленушілерін құттықтады (ФОТО)
ҚР ҚК-нің әскери қызметшілері балалар үйінің тәрбиеленушілерін құттықтады (ФОТО)
Әскери қызметшілер балалар мен балалар үйінің қызметкерлерін Жаңа жылдарымен құттықтап, оларға зор денсаулық пен береке, ал бүлдіршіндерге жақсы оқып, нағыз патриот болуларын тіледі.
«Жаңа жыл – арман-тілектер орындалатын мезгіл. Әскери полицейлер жаңа жылдық тосынсый жасап, балаларды қуантуға бел буды. Балалар үйінің тәрбиеленушілері мен қызметкерлеріне біз тұрмыстық техника сыйға тарттық», - деді ҚР ҚК Әскери полициясы бас басқармасы бастығының орынбасары полковник Алексей Скорняков.
Тұрмыстық техникадан басқа, әскери қызметшілер балаларға арнап 20 тәтті сыйлық пен ойыншықтар әкелді. Барлық сыйлықтар әскери қызметшілердің еркін түрде жинаған қаражаты есебінен сатып алынды. Әскери полицияның әскери қызметшілері қайырымдылық іс-шараларды ұдайы негізде өткізіп тұратынын айта кетейік. Балалар үйі мен қарттар үйін, Ұлы Отан соғысының ардагерлерін қамқорлыққа алады, донорлар ретінде қан тапсырады, банктерді толықтырады және т.б.
Бұл Қазақстан Қарулы Күштерінің барлық әскери қызметшілерінің тұрақты түрде жүргізуге және қолдауға тырысып бағатын қайырымдылық жұмыстың бөлігі болып табылады. Бүгінде әскерилердің қамқорлығымен әскери қызметшілер шама-шарықтары келгенше көмек көрсетіп жүрген ҚР ҚК-нің әрбір әскери бөліміне қарттар үйі, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен балалар үйінің тәрбиеленушілері бекітіліп берілген.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
ІІМ: Балалардың жолдағы қауіпсіздік шаралары -
АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Президент дипломаттарды кәсіби мерекесімен құттықтады