БҚО-ның экономикасына тартылған инвестиция 2015 жылы 18,8 пайызға өсті

5 Қаңтар, 2016 11:47
БҚО-ның экономикасына тартылған инвестиция 2015 жылы 18,8 пайызға өсті, деп хабарлады Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев ОКҚ-да.

«Сыртқы тауар айналымы ЕАЭО елдерін (РФ, БР, Армения, Қырғызстан) қоса есептегенде 2015 жылдың қаңтар-қазан айларында  5,2 млрд. АҚШ долларын құрады, соның ішінде экспорт – 4,4 млрд. АҚШ доллары, импорт - 0,8 млрд. АҚШ доллары. Сыртқы тауар теңгерімінің қалдығы оң сомада үйлесіп, 3,6 млрд АҚШ долларын құрады. Елбасы атап өткендей, инвестиция тарту экономика дамуының басты факторы. Облысқа тартылған инвестиция көзі 18,8% өсіп, 270,0 млрд. теңгені құрады», - деді Н.Ноғаев.

Облыс басшысы аталмыш бағытта жұмыс жалғасын тауып жатқандығын айтты.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар