- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да тұңғыш рет қазақстандық дәрігерлер бауыр алмастыру отасын жасады
ОҚО-да тұңғыш рет қазақстандық дәрігерлер бауыр алмастыру отасын жасады
Бұған дейін беларусьтік мамандармен бірлесе үш мәрте бауыр трансплантациясы сәтті өткізілген болатын. Ал енді жергілікті дәрігерлер А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының мамандарымен бірге төртінші бауырды өздері ауыстырды.
Ота Шымкент қалалық медициналық жедел жәрдем ауруханасында жасалды. Дәрігерлердің мәліметінше, бауыр алмастырған науқастың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Бүгінде аталған ауруханада трансплантация қызметі белсенді дамып келеді. Соңғы екі жылда мұнда 57 бүйрек алмастыру отасы жасалса (оның соңғы 29 отасын клиника мамандары жасаған), 4 бауыр трансплантациясы жүзеге асырылған.
Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысында қазіргі таңда бауыр жетіспеушілігінің түрлі себептерімен кезекте тұрған 90-нан астам науқас бар. Соның бірқатары ағза алмастыру отасын қажет етеді. Бауыр трансплантациясы әлемдегі ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймақтық бюросының мәліметінше, аймақтағы 43 мемлекетте, ТМД-ғы 7 елде бауыр жетіспеушілігінің салдарынан өлім деңгейі жоғары болғанын көрсеткен.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
«Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту» онлайн оқыту курсы басталды