2016 жылы ЖҚЖК-2020-ны өзектілендіру жалғасын табады – ДСӘДМ

5 Қаңтар, 2016 12:41
2015 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын өзектендіру бойынша жұмыс жалғасатын болады, басты назар жұмыс орындарының сақталуы мен құрылуына бағытталған.

Ведомство хабарлағандай, білікті мамандардың жұмыс орындарын сақтау бойынша ірі өндірістік кәсіпорындарда үштен бір орынның екісін субсидиялау шаралары жүзеге асырылады.

Еңбек ресурстарының сапасын арттыру бойынша өндірістік кәсіпорындардың қызметкерлерін оқытуға грант қарастырылған. Оның соңынан жұмыс орындарын сақтау міндеті туады. Оқытудың 80 пайыз шығынын мемлекет өтейді. 20 пайызы жұмыс берушілер жүзеге асырады.

Сондай-ақ, 18-24 жас аралғындағы жастарға кәсіптік білім беру еңбек төлемін жүзеге асырмай, жұмыс орнының сақталуымен жүзеге асырылады.

Жұмыс орындарын құруда ынталандыру ретінде  шағын несиелеу кеңейтіліп, шағын өндірісі бар кәсіпорындарға қарыз 6 млн теңгеге дейін беріледі.

Бағдарлама аясында азаматтарды еңбек көп шоғырланған аймаққа көшіру жұмыстарын кеңейту ұсынылуда. Оларға жұмыспен қамту, жалға беру баспанасымен немесе жатақханамен қамту ұсынылады. Мемлекеттік қолдаулар ҚР Үкіметі белгелен өңірлердегі азаматтарға көрсетілетін болады.

Айта кетерлігі, ЖҚЖК-2020 бағдарламасын өзектендіру 2016 жылдың бірінші тоқсанында аяқталады деп күтілуде.

 

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар