• Басты
  • Жаңалықтар
  • Шетелдік сарапшылар Н.Назарбаевтың Иранның ядролық бағдарламасы туралы Мәлімдемесін қолдап отыр

Шетелдік сарапшылар Н.Назарбаевтың Иранның ядролық бағдарламасы туралы Мәлімдемесін қолдап отыр

5 Қаңтар, 2016 10:39
Иран, АҚШ, Түркия және Ресей ғалымдары, саясаттанушылары ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Иранның ядролық бағдарламасына қатысты айтылған мәлімдемесін жоғары бағалап отыр. Бұл туралы олар Strategy2050.kz АА берген сұхбатында мәлімдеді.

Қазақстанның Таяу Шығыс аймағында бейбітшілікті нығайту миссиясын конструктивті және сәтті екенін «Азеран» институтының ректоры, доктор Тохид Мекликзаде (Иран) атап өтті.

«Біріншіден, Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған Мәлімдемені қолдайтындығымды айтқым келеді. Иранның өңірлік және жаһандық қарым-қатынастағы маңызды рөлі ирандықтарды  қуаныш пен мәртебеге бөлеп отыр. Біздің достарымыздың халықаралық ынтымақтастығы мен конструктивті рөлі планетаның жарылысқа қауіпті аймағында бейбітшілік сақтауға бағытталғаны сөзсіз. Бұның барлығы соғыс пен зорлыққа, келіспеушілікке қарсы жасалып жатқан әс-әрекет. Мен Қазақстандық көшбасшыға құрметімді көрсетіп, Иран азаматы ретінде достық қарым-қатынас үшін алғысымды білдіргім келеді», - деді Т.Меликзаде.

Біздің елдер арасындағы сәтті ынтымақтастықтың қалыптасуын Mobadelate Novin L.T.D ақпараттық-сараптамалық орталық өкілі Рамин Гасемпуор (Иран) да атап өтті.

«Қазақстан Президентін Иран үшін аса маңызды рөл ойнайтын нақты және дұрыс шешім қабылдағаны үшін алғыс білдіремін. Иран халқының өкілі ретінде  менің айтарым, біздің отандастар Нұрсұлтан Назарбаевқа үлкен сыйластықпен, құрметпен қарайды.  Біздің елдер арасындағы ынтымақтастық барлық сала бойынша дамитынына сенімдімін», - деді сарапшы.

Соғыстың алдын алудың ең маңызды құралын қазір АҚШ-та тұратын  ирандық физик Мохаммед Носрати атап өтті.

«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Иранмен диалог құрған үшін алғысымды білдіргім келеді. Осы уақытта Таяу Шығыстағы барлық елдер мен жақын  өңірдегі елдер аса  түсінушілік диалогқа мұқтаж болып отыр. Ол дінге, ұстаным мен тілге, саяси және идеологиялық көзқарасқа тәуелденбей барлығының қолдау көрсеткенін талап етеді. Бейбіт келісімге келу ғана барлық проблемаларды шешудің жолы болып табылады», - деді М.Носрати.

Аталмыш тақырып бойынша өзінің пікірімен Стамбул университетінің экономика бөлімінің басшысы, доктор Хусейн Карамеликли (Түркия) бөлісті.

«Нұрсұлтан Назарбаевтың Иранға қатысты Мәлімдемесіне оң баға беремін. Мен Иран азаматы ретінде қазақстандық көшбасшыға алғысымды білдіремін. Иран мен Қазақстан қарым-қатынасы жоғары дәрежеге ие. Біздің саяси және экономикалық байланысымыз өте маңызды және қолайлы. Айта кетерлігі, Иран аталмыш өңірдегі маңыды ел болып саналады. Мен бұл орайда Қазақстаннан жеткен жаңалыққа қатты риза болдым», - деді Х.Карамеликли. 

Елбасы Н.Назарбаевтың Мәлімдемесін «Иран халқының Конгрессі» қоғамдық ұйымының төрағасы Эрадж Боев (Ресей) жоғары бағалады.

«ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  Иранның ядролық бағдарламасы бойынша Жан-жақты қамтылған бірлескен іс-қимылдар жоспарын жүзеге асыру ісіндегі ілгерілеуге байланысты Мәлімдемесі Қазақстанның аталмыш мәселе жөніндегі істі реттеудегі ұстанымын байқатты. Айта кетерлігі, Қазақстан 2013  жылы Алматыда келіссөз өткізуге алаң ұсыну арқылы келіссөз үрдісіне өзіндік үлесін қосты. Қазақстандық басшылықтың ұстанымы Иранның өңірлік және халықаралық қауіпсіздік саласындағы  рөлін түсінуге бағытталған, сондай-ақ, Қазақстан мен Иран арасындағы екіжақты ынтымақтастықты белсенді дамытуға, ол 2015 жылы Тегеранда өткен «Иран мен Қазақстан арасындағы мәдени-өркениеттік байланыс» конференциясы барысында көрініс тапты. Елдердің болашақтағы даму ынтымақтастығы да қылаң берген болатын», - деді Э.Боев.

Айта кетейік, 2015 жылдың 30 желтоқсанында  Иранның ядролық бағдарламасы бойынша Жан-жақты қамтылған бірлескен іс-қимылдар жоспарын жүзеге асыру ісіндегі ілгерілеуге байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің мәлімдемесі жарияланды.

«БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясында 2015 жылғы қыркүйекте сөйлеген сөзімде мен халықаралық қауымдастықты ядролық қарусыз әлем құру ісін адамзат үшін XXI ғасырдағы басты мақсатқа айналдыруға шақырдым. Қазақстан ядролық қарусыз әлемді құруға тек жер бетіндегі барлық елдердің бекем саяси жігері болған жағдайда ғана қол жеткізілетініне сенімді», - делінген Елбасы Мәлімдемесінің мәтінінде.

Данияр Қасымов

 

 

Барлық жаңалықтар