• Басты
  • Жаңалықтар
  • Медициналық оқу орындарының студенттері заманауи клиникаларда іс тәжірибеден өтеді

Медициналық оқу орындарының студенттері заманауи клиникаларда іс тәжірибеден өтеді

8 Қараша, 2013 19:00
Қазақстанның медицина университеттері сапалы білім мен тәжірибеге қол жеткізу мақсатында аймақтық денсаулық сақтау басқармаларымен ынтымақтастық келісім шартына отырды, деп ҚР ДСМ хабарлады.

"ҚР Денсаулық сақтау министрі С.З.Қайырбекованың университет студенттерімен  кездесуі барысында С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті Алматы қаласы және Алматы облысының денсаулық сақтау басқармаларымен тиісті келісімге қол қойды",- деп хабарламада нақтыланған.  

Келісім-шарттың негізгі мақсаты денсаулық сақтау мамандарын кәсіби тұрғыдан үздіксіз дамыту, сондай-ақ, студенттердің клинкалардағы озық технологияларда оқып-үйренуін қамтамасыз ету арқылы жоғары нәтижелерге қол жеткізу болып табылады.    

Жақында еліміздің барлық 6 медициналық ЖОО өңірлік денсаулық сақтау басқарламаларымен тиісті келісім-шарттарға қол қояды.   

Барлық жаңалықтар