- Басты
- Жаңалықтар
- Астана Операда Камералық залдың сахнасында Рождествоға арналған концерт өтеді
Астана Операда Камералық залдың сахнасында Рождествоға арналған концерт өтеді
«Қалыптасқан дәстүр бойынша православтық Рождествода біз концерт береміз. Біз «Астана Опера» Камералық оркестрінің саусағынан бал тамған музыканттарының тамаша ойыны мен театр хорының орындауындағы акапела музыкасының жанкүйерлерін бұл кешті бірге өткізуге шақырамыз», - деп атап өтті ҚР еңбек сіңірген қайраткері, бас хормейстер Ержан Дәуітов.
Хор өнерін сүйетін тыңдарманды ғұлама композиторлар: П. Чайковскийдің, Г. Свиридовтың, П. Чесноковтың, П. Турчаниновтың шығармаларымен кездесу, эстон композиторы Арво Пёрттің «Шаттан, Құдай ана Дево» туындысы, сонымен қатар тыңдарманның көңілін көтеретін қазақ, орыс, украина, неміс, халық әндері, попурри, әзіл копозициялар күтуде. Бұдан басқа, көрерменге қазақ композиторларының да туындылары ұсынылады. Алғаш рет Камералық залдың сахнасында хор ұжымы Бейімбет Демеуовтің өңдеуіндегі Сәкен Сейфуллиннің «Тау ішінде» шығармасын орындайды.
«Астана Опера» театрының хоры халықаралық деңгейдегі көптеген марапаттарды иеленгенін еске сала кетейік. Барлық спектакльдерге жанын салып қатысатын оның құрамы дауыс жағынан әлемдік мэтрлердің жоғары бағасын алды, олардың арасында Валерий Георгиев, Пьер Луиджи Пицци, Елдар Әбдіразақов және т.б. бар.
Концертке ҚР еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов жетекшілік ететін «Астана Опера» Камералық оркестрі қатысады. Музыканттар ұлы композиторлардың шығармаларын: Е. Цимбалистің Римский-Корсаковтың «Алтын Қораз» операсы тақырыптарына жазған Қиял, О. Ридингтің оркестр мен скрипкаға жазған концерті және басқасын орындайды.
-
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
Арқа төріндегі Арайлы астана жылнамасы -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
Елордада «Жеңіс салтанаты» концерт-спектаклі өтті