- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның Әскери-әуе күштері жаңа әскери-көліктік тікұшақтармен толықты (ФОТО)
Қазақстанның Әскери-әуе күштері жаңа әскери-көліктік тікұшақтармен толықты (ФОТО)
Авиабазаның ұшу және инженерлік-техникалық құрамы өндіруші зауытта теориялық және ұшу дағдысынан өтті.
Ми-171Ш тікұшағы Ми-8 үлгісіндегі тікұшақтардың соңғы модификациясының бірі болып табылады. Жоғары ұшу-техникалық сипаттамалары, сенімділік, Цельсия бойынша -50-ден +50 градусқа дейінгі ауа райы жағдайы мен температураның кең диапазонында қолдану мүмкіндігі, көп функционалдылығы, пайдалану мен қызмет көрсетудегі қарапайымдылығы секілді бұл тікұшақтардың қасиеттері бүкіл әлемдегі операторлардың сенімінен шыға білді.
Десанттық-көліктік тапсырмаларды орындаудан басқа, бұл тікұшақ құрлықтағы бөлімшелерді қолдау, қарсыластың жанды күшін, броньды техниканы, бекітілген оқ ату нүктелері мен өзге де қозғалмалы және қозғалмайтын нысаналарды жою, десантты атыспен қолдау, әскери лектерді алып жүру, патрульдеу, іздеу-құтқару және барлау операцияларын жүргізу үшін арналған.
Авиациялық паркті жаңа тікұшақтармен толықтыру жалпы алғанда, Әскери-әуе күштері мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгероік қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Салтанатты іс-шараға ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетов пен Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов, ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері, жергілікті билік органдарының, сондай-ақ өндіруші зауыттың өкілдері қатысты.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр