- Басты
- Жаңалықтар
- 2015 жылдың қорытындысы: Түркістанға 1 млн турист барды
2015 жылдың қорытындысы: Түркістанға 1 млн турист барды
Ауыл шаруашылығы саласында да Түркістанның мерейі үстем. Сала жұмысы «Алтын күз-2015» мерекесінде бес аталым бойынша – тамшылатып суару әдісін енгізу, көкөніс өсіру, жеміс-жидек өсіру, мақта өсіру және сүт өндіруден озат аудандардың қатарына еніп, жекелеген жергілікті шаруалар да жүлделі оралды.
Шаһарда кәсіпкерлік саласы да дамып келеді. Жыл қорытындысы бойынша «Кәсіпкерлікті қолдау бойынша үздік әкімдік» аталымымен облысымыздағы аудан, қалалар арасында үшінші орын алды. Олай болатын да жөні бар. Биыл Түркістанда төрт кәсіпорын өз жұмысын бастады. Одан бөлек сүт өнімдерін өндіретін цех іске қосылды. Сондай-ақ шаһарда әлеуметтік нысандар санын арттыруға бағытталған жұмыстар да қарқынды жүргізілген. Атап айтсақ, қала аумағында биыл 2 мектеп, 4 балабақша пайдалануға берілсе, денсаулық сақтау саласында төрт ауданға қызмет көрсететін 200 төсек орындық балалар ауруханасы жұмысын бастап, спорт саласында жергілікті кәсіпкерлердің пәрменімен 10 ойын алаңшасы ашылды. Сонымен қатар, жастар орталығының ғимараты пайдалануға беріліп, 6 көшеге асфальт, ішкі орам жолдары жарықтандырылды. Электр қуатының сапасын арттыратын 2 подстанция іске қосылып, орталық жылу қазандығы, бірқатар көпқабатты үйлер күрделі жөндеуден өтті.
Қаладағы орталық «Жеңіс» саябағынан «Даңқ» мемориалы салынып, мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі аясында «Шығыс қақпасының» лентасы қиылды. Сондай-ақ, туристерге сапалы қызмет көрсету мақсатында жеке инвестор есебінен 4 жұлдызды қонақ үйдің құрылысы басталды.
-
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қазақстанда 7 млн-нан астам азамат вакцина алды -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
2022 жылдың мамырына дейін қызыл төлқұжатты ауыстыру науқаны жүреді -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
АҚДМ қорытындысы: Азаматтық қоғам, ҮЕҰ-нің жұмысы, жастар мен қандастар мәселесі -
2025 жылға дейін еңбек нарығына қосымша 1 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскер қажет болмақ -
Елордада Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек беріледі -
2021 жылдың бірінші тоқсанында 683 мыңнан астам адам АӘК алды -
Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидахуал өткен жылдың жаз айларындағы жағдайға ұқсас -
Сақтандырылған қазақстандықтар саны 1 млн-ға артты