Жаңа 2016 жыл – Отты Мешін жылы (ФОТО)

1 Қаңтар, 2016 11:14
Шығыс күтізбесі бойынша 2016 жыл – қызыл Отты Мешін жылы. Ол 2016 жылдың 8 ақпанында толығымен енеді. Қытайлық жұлдызнамаға сенетін болсақ, дәл осы күні жасыл Ағаш Ешкі – 2015 жылдың символы өз орнын Отты Мешінге бере отырып бізді тастап кетеді.

Сонымен маймылдар туралы не білеміз? Маймыл – түйсігі жақсы дамыған, әртістік өнері бар жануар. Оның мінезін алдын-ала болжау мүмкін емес, себебі ол көңіл күйіне байланысты күрт өзгере салуы мүмкін.  Олар бір кезде ақкөңіл, бірде қатыгез бола алады. Сонымен, шын мәнінде маймылдар қандай, осы ретте біз бұл туралы Алматы қаласының тұрғыны бірнеше маймылдары бар Натальи Мұсабаевамен сұхбаттасып көрдік.

- Натальи, Сізді Жаңа Жылмен құттықтаймыз! Үйдегі жануарларыңыз туралы айтып беріңізші, олар маймылдардың қандай түріне жатады, мінездері қандай?  

- Макакалар. Лапундер мен шошқа құйрықты макака бар, оның құйрығы торайдың жетілмей қалған құйрығы сияқты. Сол себепті осылай аталып кеткен. Оның аты Люся. Бұдан басқа яван макакасы бар, оның аты Алиса.

- Маймылдарға қандай күтім керек? Олардың мінездерінде өздеріне тән бір ерекшелік бар ма?

- Күтім туралы айтатын болсақ, бірінші кезекте олардың қауіпсіздігі үшін тор керек. Ал, былайша  маймылды күту ол 6-7 айлық баланы бағумен тең.

- Маймылды немен қоректендіру керек?

- Олар барлығын жей береді: ботқа, жемістер мен көкеністер.  Көбінде маймылдар банан жақсы көреді деген пікір қалыптасқан, алайда менің Алисам (яван макакасы) бананды мүлдем ұнатпайды. Ол көбіне сәбіз, қияр, қызанақ, көкшөп жақсы жейді. Негізі мен үшін маймылдар нені жақсы көреді деген сұрақ ерсі етіледі, мен үшін ол адам не жейді дегенмен бірдей.

- Маймылмен бірге өмір сүру қауіпті емес пе?

- Бұл сұрақта мен үшін біртүрлі. Әрине, егер жануар ауру болса онда ол қауіпті. Ал, денсаулығы дұрыс болса ол соншалықты қауіпті емес. Маймылдардың иммунитеті өте мықты және энергетикасы өте күшті. Сондықтанда сенімді түрде маймылын болса аз ауырасын деп айта аламын. Өкінішке орай бұл әлі дәлелденбеген.

- Натальи, сұхбатыңызға рахмет. Сізге және сіздің жануарларыңызға Жаңа жылда мықты денсаулық тілейміз.

Қүрметті оқырманда,  «Strategy2050.kz»АА редакциясы баршаңызды Жаңа жыл – Отты мешін жылымен құттықтайды. Көптеген жұлдызнамаларда айтылғандай, 2016 жылдың қожайыны саяхаттауды, әсем табиғатты және жаңа ашуларды жақсы көреді. 2016 жылда баршаңызды саяхаттар мен жаңа ашулар күтіп отыр деген үміттеміз.

Ботагөз Айтжанова

Фото Натальи Мусабаева

Барлық жаңалықтар