• Басты
  • Жаңалықтар
  • ШОБ субъектілері Ақтөбе облысының бюджетін 80 млрд теңгеге толықтырды – А. Мұхамбетов

ШОБ субъектілері Ақтөбе облысының бюджетін 80 млрд теңгеге толықтырды – А. Мұхамбетов

8 Қараша, 2013 17:45
Шағын және орта бизнестің Ақтөбе облысындағы дамуы бойынша Астанада өткен баспасөз отырысында Архимед Мұхамбетов хабарлады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтің кеңейтілген отырысында  статистика елдегі шағын және орта бизнестің өскенін  айтқан болатын. 2 жыл ішінде жеке кәсіпкерлердің саны 21 пайызға өсті, ал олардан 11 пайыз салық түскен.

«Кәсіпкерліктің белсенділігі жыл сайын өсіп келеді, бұл салада бүгінде 117 мыңнан астам адам еңбек етеді, бұл былтырғы көрсеткіштен 7,5% көп. Шығарылатын өнімнің көлемі 315 млрд. теңгені құрап отыр, бұл жан басына шаққанда, былтырғыдан 19,3% жоғары. Тоғыз айда шағын және орта бизнес субъектілернен бюджетке 80 млрд. теңге түсіп отыр», - деді облыс әкімі.  

Әкім айтқандай, бизнес субъектілерінің 293 жобасы екінші деңгейлі банктердегі несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемені өтеуге 2,7 млрд. теңге алды. Іске асырылған жобалардың әлеуметтік нәтижелеріне тоқталар болсақ: 11 мыңдай жұмыс орны сақталды, 5 мың жаңа жұмыс орны құрылды. Біздің облыс «БЖК» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша, Павлодар облысынан кейінгі екінші орында тұр»,- деді облыс әкімі өз сөзінде.

Барлық жаңалықтар