- Басты
- Жаңалықтар
- Мереке қарсаңында 120 қызылордалық отбасы қоныс тойын тойлады (ФОТО)
Мереке қарсаңында 120 қызылордалық отбасы қоныс тойын тойлады (ФОТО)
Үйлі болғандардың арасында ҰОС ардагерлері, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар, сондай-ақ кезекте тұрған өнер, спорт саласы мамандары мен ұстаздар да бар.
Дәл осы күні облыс орталығындағы Титов мөлтек ауданында апаттық жағдайдағы үйлердің орнына 60 пәтер пайдалануға берілді. Апаттық үйде тұратын 192 қызылордалықтың 60-ы бүгін баспаналы болды. Облыс әкімі келесі жылы тағы 160 пәтер халық игілігіне беріледі деп отыр. Сонымен апатты үйлер мәселесі шешіледі.
«Биыл Қызылордада 53 көпқабатты үй бой көтерді. Өткен жылы 264 пәтер пайдалануға берілсе, үстіміздегі жылы 2652 отбасы баспаналы болды. Бұл Қызылорданың тарихында болмаған құрылыс. Қоныстарыңыз құтты болсын! Үйлеріңізден сәбидің күлкісі арылмасын. Жаңа жыл елімізге ынтымақ пен ырыс алып келсін», - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.
Айта кету керек, өткен жылмен салыстырғанда Қызылорда облысында құрылыс көлемі 3,5 есеге артқан болса, облыс орталығында бұл көрсеткіш 8 есеге өсті.
-
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Президент дипломаттарды кәсіби мерекесімен құттықтады -
Мемлекет басшысы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады -
Биыл «Мерейлі отбасы» байқауы мен «Дарын» жастар сыйығын беру қалай ұйымдастырылады -
«Нұрлы жер»: 163 мың отбасы баспаналы болмақ -
Ирандағы Абай орталығында Наурыз мерекесі атап өтілді -
Наурыз мерекесі күндері елорданың қоғамдық көліктері тоқтай ма -
Еңбекмин: зейнетақы жүйесі, АӘК және балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау шаралары -
«Жыр алыбы-175»: Жамбыл Жабаевтың мерейтойына орай ұйымдастырылатын шаралар -
Covid-19 әлемде: Англияда рождество мерекесі локдаунда өтеді, Италияда бүкілхалықтық локдаун -
Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады -
Мереке қарсаңында елордадағы кафе мен мейрамханалардың жұмысы ерекше бақылауда болмақ -
Жаңа жағдайдағы неке мен отбасы мәселелері -
«Birgemiz» қорынан 70 мыңнан астам отбасы атаулы көмек алды -
«Nur Otan» партиясы мен «Birgemiz» қоры отбасыларға тағы 50 000 теңгеден береді