- Басты
- Жаңалықтар
- Жаңа жыл қарсаңында қызылордалық Жалағаш ауылында емхана ашылды (ФОТО)
Жаңа жыл қарсаңында қызылордалық Жалағаш ауылында емхана ашылды (ФОТО)
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдары дәл осындай емхана Шиелі, Сырдария, Қармақшы аудандарында жаңа аудандық емханаларды пайдалануға берілді. Келер жылы осы емханалар салалық бағытта жұмыс жасап, Жаңақорған, Қазалы аудандарында офтальмологиялық орталық ашылмақ.
Жаңа емхана заманауи медициналық құралдармен жабдықталған. Жүрек ауруы науқастарына тәуліктік Холтер мониторы, Жүрек ауруларын ерте диагностикалауға Тредмил тест жабдығы, өкпе спирограф жабдығы, жалпы шолу рентген диагностикасы, физиотерапияның барлық түрлері, емдік-дене шынықтыру бөлмесі жұмыс жасайды.
«Ауданда емхана мәселесі шешілді. Барлық құрал-жабдықтар заманауи талапқа сай. Енді дәрігерлер сапалы қызмет көрсету қажет. Тек дәрімен ғана емес, жылы сөзбен де емдеңіздер», - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.
Тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында мамандардың біліктілігін арттыруға, тәжірибе алмасуға баса назар аударып отыр. Нәтижесінде Алматы мен Астананың жоғарғы клиникаларында жасалатын жоғарғы мамандандырылған медициналық көмек Қызылордада жасалуда. Мысалы, білікті мамандардың көмегімен, биылғы жылдың өзінде 445 науқасқа нейрохиругиялық, кардиохирургиялық және жүрек қан тамырлары, травматологиялық, урологиялық және 25 балалар хирургиясына ота жасалды. Сондай-ақ, Қызылордада елімізде 4-ші болып бүйрек ауыстыру отасы жасалғанын айта кетейік.
«Жалпы, денсаулық сақтау саласына соңғы 3 жыл көлемінде бөлінген қаржы 58 пайызға өсті, кезең-кезеңімен емханалар мен ауруханалар салынуда. Үш жыл ішінде 33 емдеу мекемелері халық игілігіне беріліп, 22 нысанға күрделі жөндеуден өтті», - делінген хабарламада.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі