- Басты
- Жаңалықтар
- Жекешелендіру барысында облыстық бюджеттер 2 922 млн. теңгеге толықты – Қаржы министрлігі
Жекешелендіру барысында облыстық бюджеттер 2 922 млн. теңгеге толықты – Қаржы министрлігі
Сонымен, қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке 4 949 млн. теңге, облыстық бюджеттерге 2 922 млн. теңгеден астам, Холдингтер 67 261 млн теңге, ӘКК 2 964 млн. теңге.
Республикалық меншік бойынша барлығы 2014-2015 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 40 объекті жекешелендіруге жатады. 2014 жылдың маусым - 2015 жылдың желтоқсандағы кезеңінде іс жүзінде сатуға 27 объекті жоспарланған. Ағымдағы жылдың 28 желтоқсандағы жағдайы бойынша сауда-саттыққа 27 объекті шығарылды, оның ішінде 12 объекті сатылды.
Ал, коммуналдық меншік бойынша барлығы 2014 - 2015 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 490 объектінің сатылуы белгіленді. 2014 жылдың маусым - 2015 жылдың желтоқсандағы кезеңінде 243 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 28 желтоқсандағы жағдайы бойынша 219 объекті шығарылды, соның ішінде 112 объекті сатылды.
Сондай-ақ, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша 2014 - 2015 жылдарда сату Кесте бойынша сатуға 170 объекті белгіленді. 2014 жылдың маусым - 2015 жылдың желтоқсандағы кезеңінде 109 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 85 объекті сатуға қойылды, 61 объекті сатылды.
Ұлттық компаниялар мен холдингтер бойынша 2014 - 2015 жж. арналған сату Кестесіне сай 131 объекті жекешелендіруге жатады, 28 желтоқсандағы жағдайы бойынша жоспарланған 111 объектінің 93 объектісі сауда - саттыққа шығарылды, оның ішінде 50 объект сатылды.
-
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды