Жаңа жылдың алғашқы күндері Қазақстанда аяз көтеріліп, қар жауады

2 Қаңтар, 2016 10:02
Strategy2050.kz АА назарларыңызға Астана мен Алматы және өңірлерге арналған 2016 жылдың 2-4 қаңтарындағы ауа райы болжамын ұсынады.

«Каспий теңізінің оңтүстігінде қалыптасатын циклон оңтүстік-шығысқа қарай ұласады. Республиканың барлық облыстарында боран аралас қар жауады, қатты жел 18-28м/с болады. Оңтүстікте сулы қар, көктайғақ пен 15-25м/с жел еседі. 2 қаңтардан бастап Ресейдің еуропалық бөлігінде қалыптасқан суық циклон Шығыс Сібірге ауып, оның ықпалы Қазақстанның солтүстігіне әсер етеді. 23-32º аяз болмақ», - деп хабарлады «Қазгидромет» МРМ.

Елдің батысындағы ауа  райы түнде 15-27, күндіз 12-17 аяз болса, солтүстікте, шығыста және орталықта 15-22 күндіз, 12-17 түнде аяз көтеріледі.

Алматыда 2-3 қаңтарда арасында жайын жауса, түнде суық 3 градусқа көтеріледі, 4 қаңтарда түнде 0-5, күндіз 0-5 болмақ.

Астанада 2 қаңтарда жауын-шашынсыз болса, түнде температура 15-20, түнде 21-26 болмақ.

Барлық жаңалықтар