• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жыл соңына дейін Ақтөбе облысында 15 апаттық мектептің 2-еуі жөнделеді – А.Мұхамбетов

Жыл соңына дейін Ақтөбе облысында 15 апаттық мектептің 2-еуі жөнделеді – А.Мұхамбетов

8 Қараша, 2013 17:25
Жыл соңына дейін Ақтөбе облысында 15 апаттық мектептің 2-еуі жөнделеді. Бұған бөлінген қаражат көлемі 49,6 млрд теңгені құрайды, деп мәлімдеді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов ОКҚ брифингінде.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы соңғы үш жылда білім беру саласына  бөлінген қаражаттың 1,7 есеге өскенін айта келіп, әлеуметтік модернизация процесін күшейтуді тапсырған еді. Алайда балабақшалардың жетіспеушілігі әлі де шешімін таппады. Кезекті тұрған бүлдіршіндердің саны шамамен жарты миллионға жетеді. Жекелеген облыстар білім беру нысандары құрылысында салғырт жұмыс істеуде.

Ақмола облысының әкімі Архимед  Мұхамбетов білім беру мекемелерінің жағдайынан хабар бере кетті.

«Айырмашылық сонда, орташа көрсеткішпен есептесек, өзгешелік 70 млн теңгені құрайды. Алайда екі мектепте де 600 баладан білім алады», - деді әкім.

Облыс басшысы айта кеткендей, бір мектеп қаланың қақ ортасына салынғандықтан, инженерлік жүйелермен қамтамасыз етілгендіктен, 117 млн теңге жұмсалған. Ал қалған екі мектеп қаланың шеткі аймақтарында салынған. Сол үшін трансформаторлық станция салып, құбыр және өзге де желілерді орнатқан.

«Орташа есеппен алғанда, шығын көлемі 60-70 млн теңгеге өскен. Құқық қорғау орган қызметкерлері тексеріп, ешқандай да заң бұзушылық таппаған. Қазіргі таңда бұл білім ордалары жұмыс істеп тұр. Сол себепті алдағы уақытта инженерлік жүйені жобалау сметалық құжаттамалардан алып тастап, жеке  жоба дайындайтын боламыз. Осыған мұқият қарайтын болымыз», - деді өңір басшысы.

Архимед Мухамбетовтің мәлімдеуінше, аталмыш іске қатысты жауапкершілікті қаланың құрылыс басқармасы бастығы мойнын алған. Ол қазірде жұмыстан шығарылды.

«Биыл біз 49,6 млрд теңге бөлдік. Қазір үш ауысымды және апаттық жағдайдағы мектептерді қарастырып жатырмыз», - деді А.Мұхамбетов.

Барлық жаңалықтар