• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры 6 жылда 300 мыңнан астам шаршы метр баспананы пайдалануға берді

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры 6 жылда 300 мыңнан астам шаршы метр баспананы пайдалануға берді

31 Желтоқсан, 2015 09:51
«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры жылжымайтын мүлік нарығында алты жылдан астам қызмет етіп келеді. Осы жылдар ішінде екі құнсыздануды еңсерді. Құрылған сәтінен бастап Жылжымайтын мүлік қорының қатысуымен жалпы ауданы шамамен 1,4 млн. шаршы метр объекті пайдалануға берілді.

Қордың баспасөз қызметінен хабарлағандай, Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының Жылжымайтын мүлік қорының бағыты бойынша жеке меншік компаниялармен әріптестікте шамамен 770 мың шаршы метр (13 500 пәтер) пайдалануға берілмек, оның ішінде шамамен 620 мың шаршы метр (10 800 пәтер) Жылжымайтын мүлік қорына тиесілі.

«Осылайша, Жылжымайтын мүлік қоры үш бірдей стратегиялық міндетті орындап отыр – қолжетімді баспана салады, жаңа жұмыс орындарын құру арқылы әлеуметтік шиеленіс деңгейін төмендетеді және құрылыс материалдарын өндіретін жергілікті кәсіпорындарды жұмыспен қамтамасыз етеді», - делінген хабарламада.

Жылжымайтын мүлік қорының қызметі арқасында еліміздің 11 өңірінде 4 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Атап өткен жөн, үстіміздегі жылдың қорытындылары бойынша, іске асатын жобалардағы жергілікті қамту үлесі орташа есеппен алғанда, 80%-дан жоғары.

Бүгінгі күні Жылжымайтын мүлік қоры Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында жалпы ауданы 315 мың шаршы метрден астам 9 тұрғын үй кешенін салып, пайдалануға берді.

Қорыта айтқанда, Жылжымайтын мүлік қоры Бағдарламаны іске асыру бойынша тұрғын үйлерді пайдалануға берудің 2015 жылға арналған жоспарын 150 мың шаршы метр мөлшерінде орындады.

Пәтерлердің көбі тұрғындарға сатып алу құқығымен жалдау арқылы берілді  (70% жуық).

Сатып алу құқығымен жалдау кезінде тұрғындар жалдаудың бүкіл мерзімінде, яғни 15 жыл, бір шаршы метр үшін белгіленген ай сайынғы соманы төлейді.   Кәдімгі жалдауға қарағанда, жалгер пәтерді сатып алады, бұл орайда жалдау бағасы теңгемен бекітілген және жалдаудың бүкіл мерзімі ішінде құнсыздануға қарамастан өзгеріссіз қалады.

Барлық жаңалықтар