- Басты
- Жаңалықтар
- А.Красников: А.Айымбетовтың сапары Қазақстан мен Ресей Президенттерінің арасындағы өзара түсіністіктің нәтижесінде жүзеге асты
А.Красников: А.Айымбетовтың сапары Қазақстан мен Ресей Президенттерінің арасындағы өзара түсіністіктің нәтижесінде жүзеге асты
«Құрметті әріптестер, қымбатты қазақстандықтар! Ресей Федерациясының зымыран-ғарыш саласының атынан жаңа 2016 жылмен құттықтаймын! 2015 жылды еске ала отырып, біздің елдер үшін ғарыш саласында толағай табысқа қол жеткізілді деп айтуға болады. Ғарыш саласындағы өзара байланыстың ең жарқын сәттеріне тоқталғым келеді. Бірінші кезекте, 2015 жылдың 2-12 қыркүйегінде жүзеге асқан ғарышкер Айдын Айымбетовтың ғарышқа сапар шегуі. Бұл туралы көп айтылды, талқыланды. Менің айтпағым, бұл сапар екі елдің Президенттерінің өзара түсіністігі мен ынтымақтастығының нәтижесінде орын алып отыр», - деді ол.
Роскосмостың өкілі айтқандай, 2015 жылдың қорытындысы бойынша Қаақстан мен Ресейдің екіжақты ынтымақтастығында, ғарыш саласында толағай табыстарға қол жеткізілді.
«Тағы бір сәтті жобаларымыздың бірі КаzSаt-3 телекоммуникациялық жүйенің әзірленуі болды. Осы уақыттан бастап Республикалық ғарыш желісінің орталығы коммерциялық жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, «Байқоңыр» кешенінде белсенді диалогтар жүргізілді. Біздің ынтымақтастығымыз бойынша бірқатар мәселелер шешіліп, кеңейе түсті. Біздің бірлескен жобалар жаңа жылда жаңа кеңістікке ие болып, жүзеге белсенді асады деген үміттемін», - деді Анатолий Красников.
Данияр Қасымов
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет