- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекет басшысы мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар қызметкерлерін Жаңа жылмен құттықтады
Мемлекет басшысы мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар қызметкерлерін Жаңа жылмен құттықтады
Іс-шараға Үкімет мүшелері, орталық мемлекеттік органдар және ұлттық компаниялар басшылары, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің қызметкерлері қатысты.
Өзінің құттықтауында Мемлекет басшысы өткен жылы Қазақстан ілгерілемелі даму жолымен сенімді жылжығанын айтып өтті. Президенттік сайлау өтіп, онда қазақстандық қоғамның ауызбірлігі және елді кешенді жаңғыртудағы таңдалған бағыттың дұрыстығы қуатталды. Айтулы оқиғалар Ұлы Жеңістің 70-жылдық мерейтойы, Конституцияның 20-жылдығы, Қазақ хандығының 550-жылдығы және Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20-жылдығы болды.
«Индустриялық-инновациялық және инфрақұрылымдық дамудағы маңызды нәтижелерге қол жеткізілді. Мемлекет өзінің әлеуметтік міндеттемелерінен жалтарған жоқ, қазақстандықтар ертеңгі күніне сенімді. ЕАЭО аясында экономикалық интеграция одан әрі нығайтуға ие болды, сондай-ақ еліміз Дүниежүзілік сауда ұйымына кірді», - делінген ҚР Президентінің құттықтауында.
Елбасы сыртқы нарықтардағы жағымсыз оқиғаларға қарамастан Қазақстан экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты сақтай алғанын баса айтты. Ағымдағы шаралар жедел әрі сапалы жүзеге асырылды, Бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға қажетті база әзірленді.
Осыған байланысты Мемлекет басшысы Үкімет мүшелеріне, Премьер-Министр кеңсесінің және атқарушы биліктің орталық органдарының барлық қызметкерлеріне ерен еңбегі мен мемлекетіміздің өркендеуіне қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.
«Келе жатқан Жаңа жылдарыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Зор денсаулық, елімізді дамытуда кәсіби табыстар және отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!», - деп түйіндеді Президент өз құттықтауында.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері