- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысының 100-ге жуық кәсіпкерлері «Жүрек жылуымен» қайырымдылық акциясына қатысты (ФОТО)
Қызылорда облысының 100-ге жуық кәсіпкерлері «Жүрек жылуымен» қайырымдылық акциясына қатысты (ФОТО)
Акция аясында 1200 әлеуметтік аз қамтылған отбасыға жалпы құны 7 млн. теңгеге 22 «Газель» автокөлігімен азық-түлік пен қажетті киім-кешек үлестірілді.
«Бүгінгідей қайырымдылық акциясының өткізіліп отырғанына біз өте қуаныштымыз. Әсіресе мереке қарсаңында көмек көрсетіп жатқан барлық азаматтарға алғысымызды айтамыз. Мен өзім отбасыммен жатқханада тұрамын. Мүмкіндігі шектеулі кішкентай немерем бар. Әлеуметтік көмекті қажет ететін мыңдаған отбасына қол ұшын созу шарасы дәстүрге айналатынына сенеміз», - деді акцияға қатысушы қала тұрғыны Жанат Махамбетова.
Игі шараға арнайы барған аймақ басшысы акцияны өткізуге атсалысып, тұрмысы төмен отбасыларға қолдау көрсеткен барлық азаматтарға, іскер адамдар мен мемлекеттік, қоғамдық ұйым өкілдеріне алғысын білдірді.
«Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Мемлекет пен бизнес экономикалық қана емес, әлеуметтік мәселелерді шешуде де әріптес болуы тиіс» деген болатын. Әлеуметтік әділдік, теңдік, өзара сыйластық пен қамқорлық туралы ниетті тек қана мемлекет емес, азаматтық ортаның өзінің көтеруі – қоғамымыздың кемелденгендігін көрсетеді. Сондықтан да, бұл құптарлық және жан-жақты қолдауға тұратын бастама», - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.
Акцияға атсалысқан белгіді кәсіпкерлер мен халық қалаулылары, мемлекеттік қызметкерлерден шара аясында ұйымдастырылған арнайы көмек жәшігіне 3 млн. теңгеге жуық қаржы жиналды.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді