- Басты
- Жаңалықтар
- Жыл басынан бері ҚР Қарулы Күштерінің жауынгерлік әлеуеті бір жарым есеге ұлғайды
Жыл басынан бері ҚР Қарулы Күштерінің жауынгерлік әлеуеті бір жарым есеге ұлғайды
Айта өтейік, осы жылы жұмыс 6 негізгі бағыт, яғни, жауынгерлік, жедел және жұмылдыру даярлығы, қорғаныс-өнеркәсібі кешенін дамыту, әскери инфрақұрылымның құрылысы, әскери білім беру жүйесін жетілдіру, халықаралық ынтымақтастық, ҚР ҚК-дегі идеологиялық жұмыс бойынша жүргізілді.
2015 жылы ҚР Қарулы Күштерінде 170-тен аса жоспарлы тексеріс өткізілді. Оның ішінде: 71-і Құрлық әскерлерінде, 17-сі Әуе қорғанысы күштерінде, 1-еуі Әскери-теңіз күштерінде, 85-і өзгелерде өткізілді.
Келісімшарт негізіндегі әскери қызметшілер мен мерзімді сарбаздар санының арасалмағы өзгерді. Бүгінгі таңда армияның 80% келісімшарт бойынша әскери қызметшілер мен 20% мерзімді қызметтегі сарбаздардан құралған.
Елеулі өзгерістер әскери білім беру саласын да қамтыды. Биылғы жылы әскери кафедраларда жаңа ережелер енгізілді және 26 мамандық бойынша қыз балаларды іріктеу жүргізілуде, барлық оқу орындарына қабылдау бойынша жаңа қағидалар бекітілді, жаңа психологиялық тестілер енгізілді. Одан басқа, әскери білім берудің ерекшеліктерін ескере отырып, кредиттік технология бойынша оқытуға көшіру жүзеге асырылды. Бұл үйренушілер үшін әскери тағылымдаманың көлемін 2,5 есеге арттыра түседі.
Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі өзгеріс те маңызды болып табылады. Кибершабуылдарға душар етуге қиын болып келетін техникалық қамтамасыз етудің анағұрлым күрделі жүйесі енгізілуде. Сондай-ақ кадрларды даярлаудың тұтастай әрі тиімді жүйесі құрылуда.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі