• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Назарбаев пен И.Әлиев екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі мәселелерін талқылады

Н.Назарбаев пен И.Әлиев екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі мәселелерін талқылады

29 Желтоқсан, 2015 18:16
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Әзірбайжан Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты алдағы Жаңа жылмен құттықтады.

Мемлекеттер басшылары әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі мәселелерін талқылады.

Телефон арқылы сөйлесуге Әзірбайжан жағы бастамашы болды. 

Барлық жаңалықтар