• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда бюджетті қараудағы стратегиялық және бюджеттік жоспарлауда өзара үйлесімділікті ұйымдастыру керек – С.Плотников

Қазақстанда бюджетті қараудағы стратегиялық және бюджеттік жоспарлауда өзара үйлесімділікті ұйымдастыру керек – С.Плотников

8 Қараша, 2013 16:15
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекеттік бюджетті жоспарлау жұмыстарына қатысты қатаң сын айтқан еді. «Бюджет қаражатын толық және сапалы игеру басты тапсырма. Үкіметтік болжамға сай, игерілмеген бюджеттік қаражат 150 млрд теңге», - деген еді Елбасы.

Астанадағы брифингте Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Қаржы және бюджет комитетінің  мүшесі Сергей Плотников мемлекеттік органдардың есеп беру жолын өзгерту туралы бастама көтерді.

«Қазақстанда бюджетті қараудағы стратегиялық және бюджеттік жоспарлауда өзара үйлесімділікті ұйымдастыру керек. Бюджеттің жұмсалу аясында мемлекеттік органдардың есеп беру  жолы өзгертіледі.  Осы жағдайда бюджеттік қаражатты қолданудағы тиімділік игерілу көрсеткішіне қарай емес, мемлекеттік органдардағы стратегиялық жоспарында көрінген нәтижесіне қарай анықталатын болады. Ағымдағы бюджет шығыны оңтайландырылып, жеке сектор жауапкершілігі кеңейтіледі. Салық жүйесінің экономикалық берерін көтеру керек», - деген  ұсыныс тастады.

 

Барлық жаңалықтар