• Басты
  • Сұлтан Хан Аққулы: 1916 жылғы көтерілістің 100 жылдығын кеңінен атап өту қажет
5 Қаңтар, 2016 08:51

Сұлтан Хан Аққулы: 1916 жылғы көтерілістің 100 жылдығын кеңінен атап өту қажет

Қазақстанға кеңестік кезеңде пайда болған жалған тұлғалар мен идеологиядан құтылатын сәт жетті, деді Е.Гумилев атындағы ЕҰУ «Алаш» ҒЗО директоры Strategy2050.kz АА берген эксклюзивті сұхбатында.
Сұлтан Хан Аққулы:  1916 жылғы көтерілістің  100 жылдығын кеңінен атап өту қажет

«1916 жылғы көтерілістің 100 жылдығын кеңінен тойлау өте маңызды. Оның барлық БАҚ түрлері электрондықтан бастап, телевизия саласына дейін тойлаған жөн. Себебі Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін 24 жылда біз бұл оқиғаға нақты, дұрыс  көзқараспен қарап, бағалап отырмыз. Айта кестек, көтерілістің  шығу себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің соғыс кезінде барынша күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру саясаты және т.б.Шілденің басында қазақ даласында көп кешікпей қарулы көтеріліске айналған стихиялық бас көтерулер басталды. Ол біртіндеп ұйымдасқан сипат алды: Торғай менЖетісуда оның танылған жетекшілері А. Иманов, Ә. Жанкелдин, Т. Бокин, Б. Әшекеев, Ө. Саурықов басшылық еткен ірі ошақтары пайда болды.Қазақ қоғамында патша жарлығы мен көтеріліске деген көзқарас бір мәнді болған жоқ: бай-феодалдардың бір бөлігі, жергілікті әкімшіліктің кейбір шенеуніктері патша жарлығын қолдап, оны орындауға шақырды. Қазақ интеллигенциясының кейбірі (Бокин, Ниязбеков, Жүнісов) жарлыққа қарсы шығып, оны орындауға қарсыластық көрсетуге шақырса, «Қазақ» гәзеті төңірегіндегі. күші басым үкіметке қарсы шығудың халықты қырғынға ұшыратарын ескертіп, сабыр сақтауға шақырды», - деді ол.

Ғалымның айтуынша, 1916 жылғы көтерілістің көптеген тұстары өзгертілген. Қазірге дейін бұл оқиғаның өзгертілген, тұспалданған сәттері кездесетінін айтып отыр ол. «Алаш» директоры қайта ашылған тарихи деректерден кейін осы тұжырымға келіп отырған көрінеді.

 «Жалпы, Торғай облысында бірқатар табиғи көтеріліс басталды, әрбір уезд өзінің жеке ханы мен сардарын таңдай бастады. Бұл құбылысты Әліби Жангелдиннің өзі мойындаған болатын, ол Амангелді аңызы авторларының бірі болатын.Расында аталмыш фильм қазақ кино өнерінің тарихында өзіндік орынға ие. Ұзақ уақыт бойына"Амангелді" фильмі қазақ кино өнерінде алғашқы төл туынды деп есептелініп келді. Дегенмен бұл қате пікір! Себебі аталмыш фильм "Ленфильм" киностудиясының туындысы болып есептелінеді, және де фильм аталмыш киностудияның тапсырылысымен түсірілді. Сондықтан "Амангелді" - Қазақстан тақырыбындағы алғаш дыбысты көркем фильм деп санау керек. Фильмнің сценарийін  жазуға Бейімбет Майлин де ат салысқан еді», - деп атап өтті ол.  

Данияр Қасымов

Барлық жаңалықтар