- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҚК мұражайының қорын Ұлы Отан соғысының басты жәдігері – Жеңіс Туы толықтырды (ФОТО)
ҚР ҚК мұражайының қорын Ұлы Отан соғысының басты жәдігері – Жеңіс Туы толықтырды (ФОТО)
Өткен аптада Мәскеудегі ТМД қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы шеңберінде РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгу ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовке Жеңіс Туының телнұсқасын табыстады.
«Батырымыз, ұрпағымыз Рақымжан Қошқарбаев тіккен Жеңіс Туының көшірмесі мұражайға тапсырылды. Балаларымыз, болашағымыз үшін бұл ұрпақтарымыздың жетістіктері мен олардың қандай батыл болғандары туралы естеліктің нышаны болмақ», - деп атап өтті.
ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары – ҚР ҚК БШ Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы генерал-майор Мұхамеджан Таласов. Соғыс алаңында қасқайып тұрып шайқасқан ата-бабаларымыздың батылдығы біте қайнасқан еліміз, қазақстандық армияның тарихы үшін Тудың шежірелі мәні өте зор. Енді жәдігер Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи мұражайында лайықты орын табады. Ол кеңес халқының, оның адамгершілік және моральдық рухының қуаттылығы мен мызғымастығының жарқын символы ретінде ҰОС арналған экспозицияда орналастырылады, сондай-ақ өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беруде пайдаланылады.
«Соғыс сұрапыл болды. Миллиондаған адамның өмірін қиды. Бұл туды Мәскеуден бастап сонау Берлинге дейін жауынгерлеріміз соғыс майданынан алып өтіп, фашистік Германияның туын тікті. Бұл тумен жауынгерлеріміз өмірін қиып, айқасқа аттанды және өздерінің әскери борышын атқарды. Жеңіс Туы – жеңіске қол жеткізгеніміздің нышаны іспетті», - деп ағынан жарылды Ұлы Отан соғысына қатысушы Олег Линик.
Туды табыс ету бойынша ресми іс-шараға Ұлы Отан соғысы, Ауған соғысының ардагерлері, Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілері, сондай-ақ 68665 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қатысты. Қазірде ҚР ҚК Әскери-тарихи мұражайының қорында 6 000-ға жуық жәдігер бар екенін және толықтырылып жатқанын атап өткен жөн. Еліміздің түкпір-түкпірінен әртүрлі адамдар, көне заманнан бастап қазіргі күнге дейін тәуелсіз Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылуы кезеңдерінен сыр шертетін тарихи құндылығы бар бағалы заттарды мұражайға тапсыруда.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жақыпбек Алтайұлы, философ, профессор: Абай аты мен мұрасы - қазақтың бренді -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев