- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-да ДСҰ-ға мүшелікке сәйкес кедендік баж салықтары оңтайландырылады
ҚР-да ДСҰ-ға мүшелікке сәйкес кедендік баж салықтары оңтайландырылады
Кедендік – тарифтік реттеу сыртқы экономикалық қызметтің негізгі бағыттарының бірі және мемлекеттің реттеу, қолдау көрсету, бақылау бойынша бірқатар қызметін атқарады.
Кедендік-тарифтік реттеудің басты құралы кедендік баж салығының импорттық және экспорттық ставкасын қою болып табылады. Оның арқасында мемлекет сыртқы сауда айналымын реттейді.
Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан Республикасы ағымдағы жылы Дүниежүзілік сауда ұйымына ену туралы келіссөздерді аяқтады және оның толық құқылы мүшесіне айналды.
«Елбасының Ұлт жоспары «100 нақты қадамның» 37-қадамында импорттың кедендік баж салығын «0-5-12» үлгісі бойынша ставкасын оңтайландыру міндеті атап көрсетілген. Мұндай 0%, 5% және 12% үлгі тек импорттық кедендік баж салығында ғана қолданылады, осылайша СЭК ТН кодтарын және импорттық кедендік баж салығы ставкасымен алла-шарғы жасаудың жолы кесіледі», - делінген хабарламада.
Бұл шаралар экономиканың дамуына қолдау көрсету мен инвестициялық климаттың тартымдылығын жасақтау қажеттілігінен туындап отыр.
Оның үстіне ҚР-ның Еуразиялық экономикалық одаққа мүшелігінің шарттарына сәйкес барлық одақтас мемлекеттер бірдей сыртқы сауда және кеден саясатын ұстануы керек. Сондықтанда ЕАЭО-ның кедендік аумағында СЭҚ ТН мен БКТ қолданылады.
Индира Кауметова
-
Судья: Жаңа Кодекске сәйкес азаматтар Сотта көп жағдайда жеңіп шығады -
Республикалық бюджет: Өңірлерге, әлеуметтік салаға қанша қаражат бөлінеді -
А.Арзықұлов: Еуро-4 стандартына сәйкес келмейтін автокөліктер шетелге қайтарылуы тиіс -
Г.Қарақұсова: ЕЭО мен ҚХР аумағында кедендік операцияларды орындау процесі жылдамдатылады -
Теңіз көлігі саласындағы мемлекеттік қызметтер оңтайландырылады -
Қазақстан БҰҰ Даму бағдарламасына сәйкес гендерлік даму деңгейі өте жоғары елдердің қатарында -
Ә.Смайылов: Қытаймен кедендік статистикадағы сәйкессіздіктер қысқартылды -
Қазақстан саясаты 2030 жылға дейінгі тұрақты даму міндеттемелеріне толықтай сәйкес – Қ.Тоқаев -
Қазақстанның стратегиясымен сәйкес келетін ОДМ мақсаттары қалай жүзеге асуда -
Барлық заңдар Конституция ережелеріне және нормаларына толық сәйкес келуі керек - Елбасы -
Инфографика: ЕАЭО-ның жаңа Кедендік кодексі -
«Теңіз порты» кедендік бекетінен Қазақстан бюджетіне түсетін түсім 26%-ға ұлғайды -
ЕАЭО Кедендік кодексі өз күшіне енді -
Кедендік бақылауды оңтайландыратын жаңа өзгерістер жүзеге асады (ШОЛУ) -
2017 жылы сапаға сәйкес келмейтін өнімнің мөлшері жалпы есептен 10,2%-ға дейін төмендеді