- Басты
- Жаңалықтар
- Мұнайлы ауданындағы Батыр ауылына көгілдір отын тартылды (ФОТО)
Мұнайлы ауданындағы Батыр ауылына көгілдір отын тартылды (ФОТО)
Небәрі төрт ай ішінде облыстағы маңызды елдімекендердің бірі – Батыр ауылына газ жеткізіліп, ұзындығы 100 км астам газ құбырлары тартылды, газбен жылытылатын 6 газ станциясының (ГЖГС) құрылысы аяқталды.
Іске қосылған нысандар елді-мекеннің 35 мыңға жуық тұрғынын, оның ішінде 7800 жеке тұрғын үйді, 98 көпқабатты үйді, 60-қа жуық әлеуметтік нысандар мен кәсіпорындарды көгілдір отынмен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жалпы, Батыр ауылында жүргізілетін газ құбырларының ұзындығы 226 км құрамақ. Сондай-ақ, Ұлттық оператор Маңғыстау ауданындағы Жыңғылды және Таушық елді-мекендері арасында салынған жалғаушы газ құбырын іске қосты. 2012 жылдан бастап, Маңғыстау ауданының елдімекендеріне қажетті газ тұтыну көлемі ұлғайып келеді.
Жалпы, тұтынушылар саны да арттып келеді, соңғы үш жылда тұтынушылар саны 5400 абоненттен 6200–ге дейін өсті. Газ тұтыну көлемінің артуына байланысты жылыту маусымында газ тапшылығы да орын ала бастады. Енді Жыңғылды және Таушық елді-мекендері арасында салынған жалғаушы газ құбырының арқасында жылыту мерзімінде орын алатын газ тапшылығы болмайды. Ұзындығы 30 км полиэтилен құбырлардан салынған құбыр жоғары қысымды «Жетібай – Шетпе» және «Ақтау – Форт-Шевченко» газ құбырларын өзара жалғайды.
-
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
«Ерікті болу – ерлік»: Бүгіннің батыр қыздары -
2,1 млн қазақстандықтың шотына 42 500 теңге түсті -
42500 тг: 1,6 млн-ға жуық қазақстандықтың шотына түсті -
СҰХБАТ. Көбейтұзды бүлдіргендер жазаға тартылды – Зұлфықар Жолдасов -
Өткен жылыту маусымында 34 энергия кәсіпорны әкімшілік жауапкершілікке тартылды -
Полиция күні: Бейбіт күннің батыры -
«Қостанай-Су» МКК әкімшілік жауапкершілікке тартылды -
Мақтаарал ауданындағы апат салдарын жою жұмыстары қатаң бақылауда -
Қордай ауданындағы нысандарды қалпына келтіру жұмыстары тамыздың соңына дейін аяқталады -
А. Мамин Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарын тексерді
-
Елордада «Мейірім шуағы» қалалық акциясы өтті (ФОТО)
-
ХҚО-лар қалай жұмыс істеп жатыр (ФОТО)