- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да мәдениет және өнер мекемелері 127 млн теңгеден астам табыс тапқан
ОҚО-да мәдениет және өнер мекемелері 127 млн теңгеден астам табыс тапқан
Облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары А.Темірханның мәліметі бойынша, өңірдегі 8 кәсіби театрда 1940 спектакль сахналанып, оған 238 мың көрермен қамтылды. Нәтижесінде ақылы қызметтен 81 млн. теңгеден астам қаржы түсті.
Ал, Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония 181 концерт қойып, одан 22 млн. 381 мың теңге табыс тапқан.
Балғындарға қуаныш сыйлаған «Оңтүстік-Цирк» ұжымы «Алақай-балақай» және «Таңғажайып керуен» атты бағдарламаларын 13 рет халыққа ұсынып 9 млн. 615 мың теңге көлемінде қаржы түсіріпті.
Сонымен қатар «Түркістан» сарайында 35600 көрермен қатысқан 26 мәдени іс-шаралар мен концерттер өткізіліп, 8 млн. 750 мың теңгеге ақылы қызмет көрсетірді.
«Елбасының «100 нақты қадам» - Қазақстан Республикасының дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жөніндегі жоспардың «Біртектілік пен бірлік» бөлімінің 86, 87, 88 қадамдарында мәдени рухани саланы дамыту көзделген. Осы міндеттерді орындау мақсатында биылғы жылы мәдениет басқармасына 3 млрд. 429 млн. 820 мың теңге бағытталып, 11 айда қаржы 99,7 пайызға игерілген. Сондай-ақ, облыстық мәдениет және өнер мекемелері халыққа сапалы мәдени қызмет көрсету үшін олардың материалды-техникалық базаларын нығайтуға 240 млн. 247 мың теңге қаржы бөлінді»,- деді басқарма басшысының орынбасары.
А.Темірханның айтуынша, осы бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып, 2016 жылы халық шығармашылығын дамыту, жас таланттарға қолдау көрсету мақсатында өңірімізде алғаш рет «Мәңгілік ел» патриоттық әндер байқауы, түрлі өнер бағытында «Балдаурен» облыстық өнер байқауы, «Тәуелсіздік толғауы» атты жаңа пьесалардың байқауы өтпек. Сонымен қатар, «Күй құдіреті» облыстық күйшілер, «Алтын сақа» балаларға арналған фильмдердің фестивалі, суретшілердің «Дархан далам» симпозиумы және «Жібек жолы айшықтары» атты ұлттық киім дизайнерлерінің облыстық байқау-көрмесі өткізіледі.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі