• Басты
  • Жаңалықтар
  • О.Өксікбаев: жергілікті атқарушы органдардың трансферттерді игермеуі Үкімет тарапынан қадағаланады

О.Өксікбаев: жергілікті атқарушы органдардың трансферттерді игермеуі Үкімет тарапынан қадағаланады

8 Қараша, 2013 16:03
Республикалық бюджеттен бөлінген бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктері мен жергілікті атқарушы органдар тарапынан игерілмеген трансферттер бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі, деп мәлімдеді ҚР Парламент Мәжілісінің қаржы және бюджет Комитетінің мүшесі, депутат Омархан Өксікбаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.

«Сонымен, 2013 жылдың 9 айының  қорытындысы бойынша, небары 303 млрд теңге игерілген. Оның 125 млрд теңгесі бюджеттік бағдарламалардың әкімшіліктеріне тиесілі. Ал 170 млрд теңге жергілікті атқарушы органдардың игерген қаражаты. Салыстыру үшін айта кетейік, 2011 жылы игерілген қаржы 166 млрд теңгені құраса, 2012 жылы бұл көрсеткіш, есептеу комитетінің мәліметінше, 100 млрд теңгені көрсеткен еді», - деді депутат.

Өксікбаевтың айтуынша, жергілікті бюджеттерге 138 млрд теңге көлемінде мақсатты трансферт, 133 млрд теңге субвенция бөлінген еді. Ал 2013 жылы мақсатты трансферт 890 млрд теңге, субвенция 866 млрд теңгеге жеткен.

Айта кету керек, мақсатты трансферттерді бөлу мәселесін шешу жергілікті атқарушы органдар тарапынан өз бетімен қабылданылмай, орталық атқарушы органның мақұлдауын күтеді.

«Бұл процедуралар бірнеше уақытқа созылады және шығыны да бар. Нәтижесінде қаражат кеш түсіп, өздеріңіз көріп отырғандай 179 млрд теңге игерілмей қалады. Бұл өз кезегінде республикалық бюджеттік әкімшіліктер мен әкімдіктер арасында жауапкершіліктің жоғалуына алып келеді», - деп өз наразылығын білдірді депутат.

Барлық жаңалықтар