- Басты
- Жаңалықтар
- Оқушыларға әскери мамандықты игеру туралы әңгімелеп берді
Оқушыларға әскери мамандықты игеру туралы әңгімелеп берді
«Халық қаһарманы» майор Азамат Жұмаділов, Ауғанстандағы соғыс және Алматыдағы оқшаулы соғыс ардагерлері кеңесінің төрағасы майор Әбутжан Амраев оқу орындарының жоғары сынып оқушыларына әрбір адамның өз Отаны алдындағы борышы, ҚР Қарулы Күштерінде қызмет өткеру, атыс қаруынан оқ ату бойынша дағды жинақтау, әскери есепке алу мамандықты меңгеру туралы айтып берді. Сондай-ақ оқушыларға қоян-қолтық ұрыс айла-тәсілдері көрсетілді.
«Бүгін біз жоғары оқу орындарына түсу үшін, лайықты әскери қызметші және өз Отанын қорғау үшін біліміміз қандай деңгейде болуы керек екенін білдік. Біз десантшы әскери қызметшілердің көрсетпелі көрсетілімдерін көрдік және көптеген балалар армиядағы қызметке қызығушылық танытты», - деді оқушылар.
Әскери ведомстводан хабарлағандай, бүгінгі күні жоғары кәсіби білім беру бағдарламасы бойынша кадрларды дайындау бірнеше әскери оқу орындарында жүргізілуде. Бұл білім ошақтарының барлығы әртүрлі әскери мамандықтар бойынша оқытады және жақсы оқу-материалдық базаға ие. Атап айтсақ, ол Қорғаныс министрлігі Құрлық әскерлерінің Әскери институты. Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институты (Алматы қ.), Кеңес Одағының екі мәрте батыры Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты (Ақтөбе қ.).
Бұдан басқа, келесі 2016 жылы әскери білімнің ерекшеліктерін есепке ала отырып, кредиттік технология бойынша оқытуға көшіру жүзеге асырылады және әскери жоғары оқу орындарындағы мамандықтардың тізбесі кеңейтіледі.
-
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Коронавирус штамдарының айырмашылығы қандай? Вирусолог ғалым жіктеп берді -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
Үкімет отырысында Тоқаев қандай тапсырмалар берді -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды