Қазақстанның Тәуелсіздігі

2016 жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеді

Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылы Тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлауға дайындықты бастауды тапсырды.
Астана қаласы04 Қаңтар , 12:38

«Мен биыл көктемде жариялаған Ұлт жоспарын орындауға кірістік. Оны еліміз Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында жүзеге асыруды бастау символдық мәнге ие. Менің ойымша, еліміз Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын алдағы жылы мерекелеуге даярлық шараларын баршамызға бастауға рұқсат беру дұрыс болады»,-деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, ҚР Президенті Н. Назарбаев Астанадағы  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында барша қазақстандықтарға үлкен сенім білдірді.

«1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан мүлде жаңа тарихын бастады. Біздер, қазақстандықтар, ұлт өрлеуінің қазақстандық дәуірінің негізін қалаушыға әрі тұңғыш ізашарына айналдық. Бұл – біздің ізгі уақытымыздың және барлық ұлы жетістіктеріміздің сипатын дәл беретін атау. Біз Тәуелсіз Қазақстанмен бірге өсіп келеміз, – деп атап өтті Ұлт көшбасшысы.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік жылдары республикамыз тарихи даму тұрғысынан ғажайып секіріс жасағанын айтты.

«Біздің Қазақстан – Ұлы Дала Елі, Жаңғырған Ұлы Дала Елі. Бұл біздің асқақ аңсарымыз әрі ерекше мақтанышымыз. Қазақстандықтардың болашақ ұрпағы біздің жетістіктерімізді лайықты бағалап, мақтан тұтарына еш күмән жоқ. Олар біздің тәжірибемізден даналықтың, сындарлы іс-әрекеттің және кез келген қиындықтың алдында иілмес беріктіктің үлгісін көретін болады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Естеріңізге сала кетейік, 1991 жылғы 16 желтоқсанында Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңынан бастау алған.

Мемлекетіміміздің егемендігін әлемнің 120-дан астам мемлекеті ресми мойындады. Қазақстан БҰҰ-ның толық құқылы белсенді мүшесі, сонымен қатар ол ынтымақтастығын Еуроодақ, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Халықаралық валюта қоры,  МАГАТЭ, Қызыл жарты ай, ЮНИСЕФ пен ЮНЕСКО сынды белді ұйымдармен нығайтуда. Қазақстан 400-ден астам көпжақты және 700 екіжақты келісімге қол қойды.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика