• Басты
  • Жаңалықтар
  • ЭБЖМ бюджеттік өтінішті анық тексеретін шараны құрастырмады – О. Өксікбаев

ЭБЖМ бюджеттік өтінішті анық тексеретін шараны құрастырмады – О. Өксікбаев

8 Қараша, 2013 15:43
Бюджеттік жоспарлау бойынша атқарушы органдар бюджеттік өтінішті тексеретін шараны құрастырмады, деп ОКҚ-нің баспасөз отырысында Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі, депутат Омархан Өксікбаев мәлімдеді.

«Бюджеттік бағдарламалар бойынша  әкімшілік жауапкершіліктің болмауы  кездеседі.  Қалыптасқан ереже бойынша бюджеттік өтінішті жоспарлау кезінде артық бюджеттік шығын түседі. Бұның қорытындысы бойынша бюджеттік бағдарламалар  қаржысы   артық немесе тиімсіз пайдаланып отырғандығы байқалады», - деді депутат.

Депутат 2012 жылғы республикалық шығындарды мысалға келтірді. Ол 98,8 пайызға орындалса да тиімділігі 86 пайыздан аспады.

«Бүгін бюджеттік заңнамада тіркелім деген түсінік жоқ, ал ол есептік және жоспарлық  көрсеткіштің негізі. Осы жайлы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы атап өткен», - деді О. Өксікбаев. 

Барлық жаңалықтар