• Басты
  • Жаңалықтар
  • Д.Верхотуров: 2016 жылы Қазақстан экономикалық интеграцияның одан ары дамуында жетекші рөл атқарады

Д.Верхотуров: 2016 жылы Қазақстан экономикалық интеграцияның одан ары дамуында жетекші рөл атқарады

1 Қаңтар, 2016 14:02
Қазақстан ЕАЭО-ға төрағалық ету барысында мына бағыттардағы проблемаларды шешетін болады: еркін сауда аймағын ұйымдастыру, бірыңғай көлік жүйесін дамыту, атап айтқанда «Жібек жолы» жобасы аясында жұмыс істейтін болады. Бұл туралы «Strategy2050.kz» АА берген эксклюзивті сұхбатында ресейлік саясаттанушы, Заманауи Ауғанстанды зерттеу орталығының сарапшысы Дмитрий Верхотуров хабарлады.

«2016 жылдың бірінші қаңтарынан бастап Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалық ету Қазақстанға көшеді. Сіздердің елдеріңіз экономикалық одақтың барлық басты органдарында басшылық етеді, бұл дегеніңіз  2016 жылы Қазақстан экономикалық интеграцияның одан ары дамуында жетекші рөл атқаратынын білдіреді.  Оның үстіне Қазақстанның төрағалық етуі қиын жағдаймен, дағдарыспен тұспа-тұс келіп отыр. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 21 желтоқсанда өткен Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында: «Әлемдік экономикалық конъюнктураның тұрақсыздығына байланысты 2016 жылдың күрделі болатынын және бізге айрықша жағдайда жұмыс істеуге тура келетінін түсінеміз. Қазақстан интеграциялық бірлестігіміздің одан әрі дамуы үшін бар күш-жігерін салады және төрағалық еткен кезінде Шанхай ынтымақтастығы ұйымымен байланысты тереңдету бағытында белсене жұмыс істейтін болады. Бұл біздің мүмкіндіктерімізді кеңейтіп, ЕАЭО-ны күшейтеді» деген болатын», - деді Дмитрий Верхотуров.

Ресейлік саясаттанушының айтуынша, Қазақстан өзінің төрағалығы барысында ЕАЭО мен ШЫҰ  сынды халықаралық ұйымдардың өзара қарым-қатынасына тың серпін беретін болады. Дәл Қазақстанға шамамен 3 млрд халқы бар ғаламшардағы ірі мемлекеттердің өзара диалогы тәуелді болады. Бұл Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдің деңгейдегі беделін білдіреді.  

«Қазақстан ЕАЭО-ға төрағалық ету барысында мына бағыттардағы проблемаларды шешетін болады: еркін сауда аймағын ұйымдастыру, бірыңғай көлік жүйесін дамыту, атап айтқанда «Жібек жолы» жобасы аясында жұмыс істейтін болады», - деп түйді сарапшы.

Данияр Қасымов

Барлық жаңалықтар