- Басты
- Жаңалықтар
- Елордалық әуежайда қалдықтарды өңдеу зауыты салынады
Елордалық әуежайда қалдықтарды өңдеу зауыты салынады
«Global Pro» компаниясының инвестиция салу туралы ниеті Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, «Астана ЭКСПО-2017» Комиссары Рәпіл Жошыбаевтың 2015 жылы қыркүйек айында Аргентина мемлекетіне іссапары кезінде белгілі болды. Инвестицияның жалпы құны $ 10 млн құрайды», - делінген хабарламада.
Жобаның негізгі мақсаты – әуежайдың қалдықтарын өңдейтін кешенді зауыт салу. Зауыт қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауда барынша азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, әлеуметтік әсер беретін жаңа экологиялық орнықты, экономикасы табысты бизнес бірлігін қалыптастыруға және әуежайда зоотехникалық-фитосанитариялық тосқауыл орнатуға жағдай туғызады.
Әуежай терминалындағы барлық қалдықтардың қайта өңделуі нәтижесінде ЭКО әуежайы қалыптасып, 1 МВт-ке тең электр қуатын алуға мүмкіншілік пайда болады. Жоба жүзеге асқан жағдайда, қалдықтарды өндіру арқылы электр қуатын шығару технологиясының моделі қалыптасады.
«Airport Management Group» компаниясының басқарма басшысы Клод Баданның айтуынша, аталмыш зауыт құрылысы Астана әуежайына жаңа технологиялар мен «Жасыл әуежай» идеясын іске асыратын Қазақстанда, сондай-ақ Орталық Азияда теңдесі жоқ бірегей жобаға айналуы мүмкін.
Өз кезегінде Аргентина компаниясы «Global Pro» өкілдері, 2017 жылы 10 маусым -10 қыркүйекте Астанада қаласында өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесіне «жасыл технология» бойынша өздерінің соңғы жобаларын көрсететіндігін мәлімдеді.
-
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
ИИДМ: Өңдеу өнеркәсібі, машина жасау, теміржол көлігінің дамуы және тұрғын үй саласы -
Елордалықтар коронавирусқа қарсы вакцинаны белсенді түрде қабылдап жатыр -
19 мыңнан аса елордалық вакцина алды -
COVID-19: Созылмалы аурулары бар науқастарға вакцина қалай салынады -
Энергетика министрлігінің алқа жиыны: Мұнай саудасы, уран өндірісі, электр энергиясының өнімділігі -
COVID-19 қарсы вакцинация: кімдерге салынады, кімдер үшін қауіпті, препарат қалай жеткізіледі -
Елордалық ХҚО-лардың жұмыс кестесі қайта өзгерді -
Елордалық жастарға жалға берілетін үйге қалай өтінім беруге болады -
Алматы облысы қайта өңдеу өнеркәсіптерін шикізатпен қамтуда көш бастап тұр -
Тоқаев министрлерді қабылдады: сауда саласы, «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалары туралы есеп берілді -
А.Цой: Мaска режимін сақтaмағандарға айыппұл салынады -
Е.Тоғжанов: Карантин шараларын бұзғандарға айыппұл салынады -
27 маусымда елордалық ХҚО-лар жұмыс істемейді -
Елордалық жедел жәрдем жұмысы COVID-19 эпидемиясы кезінде қалай өзгерді