- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада 2015 жылы негізгі капиталға тартылған инвестициялар 16%-ға артты – әкім
Астанада 2015 жылы негізгі капиталға тартылған инвестициялар 16%-ға артты – әкім
Елорда әкімі атап өткендей, Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 5,4 % өсіп, 273,9 млрд. теңгені құрады, бұған өңдеуші өнеркәсіпте өнім өндірудің 5,7 % ұлғаюысептігінтигізді. Төрт ірі өнеркәсіптік зауыт ашылды.
2015 жылы елордада 1,5 миллион шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2014 жылғы көрсеткіштерге қарағанда 1,6 есе артық. Төрт мектептің, жеті балабақшаның және бес денсаулық сақтау нысанының құрылысы аяқталды.
Сонымен қатар, 18 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Жұмыссыздық деңгейі4,6% дейін төмендеді. Бұл еліміздегі үздік көрсеткіш. Сонымен қатар, салық салу базасының ұлғаюы, шағын және орта бизнес саласының дамуы және т.б. атап көрсетілді.
«Алдағы жылы қаланың даму қарқынын тоқтатпауға күш салу керек», - деді Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков. Қала басшысы бюджеттік қаржыландырудың қысқартылуына қарамастан міндеттерді бюджеттен тыс қаржы көздері арқылы шешіп, барлық көрсеткіштерді сақтап қалу керек екендігін жеткізді. «Инвестициялар тарту және кәсіпкерлерге жағдай жасау – келер жылдың басты міндеті», -деді елорда әкімі. Бұл ретте тек шетелдік инвесторлармен ғана емес, сондай-ақ, ең алдымен отандық кәсіпкерлермен жұмыс істеу керек.
Абаттандыру, тіршілікті қамтамасыз ету және қоғамдық қауіпсіздік мәселелері басты күн сайынғы міндеттер болып қалады, деді Ә. Жақсыбеков.
Отырыс соңында қала әкімі барлық қалалық қызметтердің жұмыскерлерін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, Астана мен оның тұрғындарының игілігі үшін атқарған жұмыстарында табыс тіледі.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
COVID-19: Әлем елдерінде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары