- Басты
- Жаңалықтар
- Шығыс Қазақстанда нұротандықтар бүлдіршіндерді Жаңа жылмен құттықтады (ФОТО)
Шығыс Қазақстанда нұротандықтар бүлдіршіндерді Жаңа жылмен құттықтады (ФОТО)
4 Қаңтар, 2016 11:23
Өскемен қаласының № 45 орта мектебінің оқушылары үшін Жаңа жылдық шырша тосын сыйға толы болды. Мерекелік шара барысында тұрмысы нашар және көп балалы отбасылардан жиналған 213 бүлдіршінді «Нұр Отан» партиясының өкілдері мен қалалық мәслихат депутаттары құттықтады, деп хабарлады ШҚО-ның Ақпараттық орталығы.
«Нұр Отан» партиясы осымен екінші жыл қатарынан «Бақытты балалық» жобасы аясында тұрмысы нашар және көп балалы отбасылардан шыққан бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлап, шаттыққа бөлеуде.
Жаңа жыл қарсаңында қалалық мәслихат депутаттары, Өскемен қаласының нұротандықтары №45 орта мектебіне ат басын бұрып, оқушыларды мерекемен құттықтап, сыйлықтарын тарту етті.
«Балаларға тосын сый ұйымдастырып, қуантқымыз келді. Біз жыл сайын оларды таңғалдыруға тырысамыз», - дейді қалалық мәслихат депутаты Сергей Коротин.
Айта кетсек, №45 орта мектепте 1-11 сыныптарда 872 оқушы оқиды, олардың 213-і тұрмысы нашар және көп балалы отбасылардан шыққан.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша